POS-терминалдарды қолдану бойынша

 

2021 жылғы 1 шілдеден бастап дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызмет түрлері тізбесін және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы орындарды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға құқылы.

2021 жылғы 1 шілдеге дейін заңнамада салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқандарды қоспағанда, қызметін Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осындай жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысымен салық төлеушілер РОЅ-терминалдарды қолдануға міндетті қызмет түрлері айқындалған. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде көтерме және бөлшек сауда сияқты төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) өз қызметін жүзеге асыру орындарында орнатуды қамтамасыз етуге міндетті дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар көздейтін 14 Қызмет түрінің тізбесі бекітілді; автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету; қонақ үйлердің қызметтер көрсетуі; мейрамхана қызметтерін ұсыну, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері және сусындар беру; әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату; жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау және сақтау жөнінде қызметтер көрсету, тасымалдау жөніндегі қосалқы қызметтер және жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету; туризм саласында қызметтер көрсететін); сақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы қызмет; кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету; фитнес -, спорт клубтарының, дискотекалардың қызметі; құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу жөніндегі қызмет, боулинг (кегельбан) және бильярд жөніндегі қызметтер.

Салық кодексінің 142-бабының 14-тармағына сәйкес салық органдарына төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселесі бойынша салықтық тексерулер жүргізу міндеті жүктелген.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 195-бабына сәйкес дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмағаны үшін ескерту жасауға әкеп соғатыны көзделген. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап тартылған жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мұндай жабдық қызмет көрсететін банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шарт негізінде орнатылады. Осы жабдықты Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу жүргізілмейді.

 

 

 

POS-терминалдарды қолдану бойынша
Дата публикации
15 июня 2021