| Меморгандар мен квазимемлекеттік сектордағы НҚА мен ІНҚ талдау бойынша жиынтық ақпарат | ||||||
| (талдау объектісінің атауы) | ||||||
| Павлодар ауданының әкімдігі | ||||||
| * кесте келесі объектілерге жеке толтырылады: | ||||||
| - ОМО (Президентке есеп беретіндерді қоса алғанда), олардың аумақтық бөлімшелері; | ||||||
| - ОМО ведомстволары және олардың аумақтық бөлімшелері; | ||||||
| - әкімдер аппараттары және жергілікті атқарушы органдар (басқармалар мен бөлімдер); | ||||||
| - ОМО, ОМО ведомстволарының, жергілікті атқарушы органдардың ведомствоға бағынысты ұйымдар;B9 | ||||||
| - ұлттық басқарушы холдингтер; | ||||||
| - ұлттық холдингтер; | ||||||
| - ұлттық компаниялар; | ||||||
| - ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың еншілес және тәуелді компаниялары | ||||||
| Талдау барысында зерттелген НҚА, ІНҚ түрі (тізімнен таңдаңыз) | НҚА, ІНҚ атауы | Сыбайлас жемқорлық факторларының болуы туралы ақпарат / сыбайлас жемқорлық факторларының болмауы туралы ақпарат (тізімнен таңдаңыз) | НҚА-ның, ІНҚ-нің тармағын, бабын көрсете отырып, анықталған сыбайлас жемқорлық факторының қысқаша сипаттамасы | Сыбайлас жемқорлық факторын жою бойынша ұсыныс | Ұсынысты іске асырудан күтілетін нәтиже | Сыбайлас жемқорлық факторын жоюдың жоспарланған мерзімі |
| Образец | ||||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" | құқықтық олқылық | Бұйрықтың 10-қосымшасымен «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді. Аталған мемлекеттік қызмет 2 кезеңнен тұрады. Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жер комиссиясының қорытындысы қызмет көрсетудің бірінші кезеңінің қорытындысы болып табылады. Жер комиссиясының оң қорытындысы шығарылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» басқа мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгінеді, оның қорытындысы бойынша жер қатынастары бөлімі жерге орналастыру жобасын бекітеді. Қағидалардың 6-тармағының 1) (екінші кезең) тармақшасына сәйкес жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, жер қатынастары бөлімі жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін бірден жер учаскесін беру туралы шешімнің жобасын дайындауы немесе көрсетілетін қызметті алушы тағы да өтінішпен жүгінуі және жер учаскесін одан әрі беру үшін бекітілген жерге орналастыру жобасын ұсынуы тиіс пе, түсініксіз. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" | дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі | Бұйрықтың 12-қосымшасымен «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді. Қағидалардың 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті алу үшін 3 құжат ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш; 2) жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың мөлшерлерін көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасы; 3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі. ҚР Жер кодексінің 51-бабының 2-тармағында жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігі сәйкестендіру құжатында көрсетілетіні көзделген. Осыған ұқсас ережелер ҚР 2001 жылғы 24 қаңтардағы «Жер туралы» Заңының 36-бабының 2-тармағында да қамтылған. «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ жер учаскелерінің бөлінетіндігі/бөлінбейтіндігі туралы белгілері болмаған ескі сәйкестендіру құжаттарын (дайындаудың тоқсаныншы және екі мыңыншы жылдарының басында) қайта ресімдеу кезінде «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін азаматтарды жергілікті атқарушы органдарға қайта жібереді. Алайда, бұл азаматтар учаскені бөлмейді, тек жаңа үлгідегі сәйкестендіру құжатын жасағысы келеді. Өтініш берушілер жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың мөлшерлерін көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасын ұсына алмайды. Баяндалғанға байланысты, егер жер учаскесін бөлу жүргізілмесе, «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметі көрсетіле ме деген мәселе түсініксіз болып табылады. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" | дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі реттеледі. Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес мамандар тұрғын үй сатып алу/салу, көтерме жәрдемақы алу үшін бюджеттік кредит түрінде қолдау ала алады. Бюджеттік кредитті алу үшін талап етілетін құжаттардың арасында көрсетілетін қызметті алушыда және оның зайыбында және балаларында жылжымайтын мүліктің жоқ(бар) екендігі туралы анықтама бар. Қағидада өтініш берушінің жұбайының немесе балаларының тұрғын үйінің болмауы немесе болуы шарттары көрсетілмеген. Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-анасынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алған балаларынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен (қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жай сатып алуға пайдаланылмайды. Осылайша, туыстардан тұрғын үй сатып алуға тыйым салынған, бірақ өтініш берушінің елді мекенде тұрғын үйі болған жағдай көрсетілмеген. Осы қызмет стандартының 9-тармағында елді мекенде тұрғын үй болған жағдайда кредит беруден бас тарту үшін негіздеме көзделмеген, ал Қағидаларда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұру бойынша талаптар қамтылмаған. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығы "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" | дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді). Қағидалардың 21-тармағына сәйкес пайдалануға берілмеген инвестициялық жобалар бойынша инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қалауы бойынша өтінімді екі кезеңде бере алады. Бірінші кезеңде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Екінші кезеңде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 1-кезең бойынша шешімді жұмыс органы дербес қабылдайды. 1 кезең үшін Өтініш беруші Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтінішті ғана береді. Өтініш беруші ешқандай растайтын құжаттарды бермейді. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| кодекс | Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі "Жер кодексі" | дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі | ҚР Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – ҚР КК) сәйкес инвесторға берілетін инвестициялық преференциялардың бір түрі мемлекеттік заттай грант болып табылады. ҚР КК 288-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелері мемлекеттік заттай гранттар ретінде берілуі мүмкін. ҚР ЖК 48-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер учаскелері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін сауда-саттық рәсімдерін өткізбей-ақ беріледі. Бұл ретте, ҚР КК-нің 284-бабында жобаға инвестициялық мәртебе берудің нақты өлшемдері жоқ. Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешенін білдіретіні ғана көрсетіледі. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" | дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі | Мердігерлік ұйымдар жұмыстарды орындауға немесе қызметтер көрсетуге қосалқы мердігерлерді тартады. ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-тармағына сәйкес біліктілік талаптары әлеуетті өнім берушіден басқа, ол тартатын қосалқы мердігерлік ұйымдарға да қойылады. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 150-тармағының 2) тармақшасында конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді ұсынбау өнім берушіні сатып алуға жібермеуге негіз болып табылатыны көзделген. Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс. Сондай-ақ, мердігер жұмыстардың бір бөлігін қосалқы мердігерлік ұйымдарға беру туралы тапсырысшыға хабарлауға тиіс. Бұл ретте, мұндай беру туралы хабарламағаны үшін мердігер үшін жауапкершілік шаралары жоқ. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| заң | Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" | дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі | ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 22-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға, бірақ күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс. Осылайша, Заңда тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау үшін бірыңғай минималды мерзім қарастырылған. Осы нормада «тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем болмауға тиіс» деген нұсқаудың кең түсіндірмесі бар. Мысалы, «Жобалау ұзақтығының нормалары» ҚР 1.02.01-2008 ҚН 3-қосымшасына сәйкес құрылыс объектілеріне жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің жалпы ұзақтығы мынадай факторлардан құралады: - жұмыстардың құны (көлемі) - орындаушылардың саны және олардың біліктілігі бойынша құрамы - жұмыстарды орындаудың еңбек сыйымдылығы - жұмыстарды орындау технологиялары - әзірлеу процестерін біріктіру дәрежесі. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Тапсырыс беруші 15 күнтізбелік күн ішінде жобалау мерзімін белгілей алады, осыны жеткізушіде штатта көбірек орындаушылар және жұмысты орындау технологиясы жақсырақ болуы мүмкін деп дәлелдей алады. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| кодекс | Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс" | құқықтық олқылық | ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 128-бабының 1-тармағында қамқорлыққа алынушының табыстарын, оның ішінде қамқорлыққа алынушыға тиесілі табыстарды тек қана қамқорлыққа алынушының мүддесінде және қамқорлыққа алынушының дербес билік етуге құқығы бар табыстарын қоспағанда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды деп көзделген. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушының табысы ретінде оған тиесілі, қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшін қажетті сома есебінен ең төмен күнкөріс шегінде шығыстар жүргізуге құқылы. Өз кезегінде, қорғаншылық органдарының мұндай рұқсаттарды беруінің нақты критерийлері жоқ. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырудың қолданыстағы қағидаларында да (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген) бұл мәселе реттелмеген. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| заң | Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы "Мемлекеттік мүлік туралы" | құқықтық олқылық | ҚР 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-бабында коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру регламенттелген. Заңның осы бабының 3-тармағында коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті беру тәртібі көзделген. Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін және мүліктерді облыстық деңгейден аудандық деңгейге (және керісінше) аудандық деңгейден жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншік деңгейіне (және керісінше) беру тәртібі көзделген. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлкін және мүліктік кешендерін беру үшін міндетті шарт жергілікті қоғамдастықтың келісімі болып табылады. Өз кезегінде, жергілікті өзін-өзі басқарудың екі (немесе одан да көп) заңды тұлғалары арасында мүлікті беру рәсімі бекітілмеген. Мұндай жағдайда жергілікті қоғамдастықпен мүлікті беруді келісу туралы талап жоқ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығымен Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 555 бұйрығымен Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілді. Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген ережелерде АШМ, сондай-ақ ҰЭМ ережелері сумен жабдықтау объектілерін беру мәселелерін, яғни ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау объектілері бойынша реттейді. Ережеде кепілдік жарналардың әр түрлі мөлшері және тендерге қатысу үшін талап етілетін құжаттардың әр түрлі тізімі берілген. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығы "Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы" | функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау | ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы. 39-3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың құрамын айқындау жергілікті қоғамдастық жиынының құзыретіне жатқызылғаны көзделген. Алайда, заңнамада жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің нақты ең көп немесе ең аз саны көзделмеген. Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиналысына коммуналдық мүлікті беру, бюджет қаражатын жұмсау мәселелерін мониторингілеу, келісу жөніндегі функциялар жүктелген. ҚР Жер Кодексінің 145-бабының 1-тармағына сәйкес ауыл, ауылдық округ әкімдері жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Мысалы, ҚР ӘҚБтК жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жатқызылған. Өз кезегінде, 19, 49-1-баптарына байланысты ауылдық округ әкімінің құзыретіне жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту де жатады. Осылайша, ауылдық округ әкіміне тексеру жүргізу, жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша өкілеттіктер берілген кезде мүдделер қақтығысы туындайды. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| заң | Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" | құқықтық олқылық | ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы. 39-3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың құрамын айқындау жергілікті қоғамдастық жиынының құзыретіне жатқызылғаны көзделген. Алайда, заңнамада жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің нақты ең көп немесе ең аз саны көзделмеген. Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиналысына коммуналдық мүлікті беру, бюджет қаражатын жұмсау мәселелерін мониторингілеу, келісу жөніндегі функциялар жүктелген. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| кодекс | Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" | басқа сыбайлас жемқорлық факторы | ҚР Жер Кодексінің 145-бабының 1-тармағына сәйкес ауыл, ауылдық округ әкімдері жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Мысалы, ҚР ӘҚБтК жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жатқызылған. Өз кезегінде, 19, 49-1-баптарына байланысты ауылдық округ әкімінің құзыретіне жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту де жатады. Осылайша, ауылдық округ әкіміне тексеру жүргізу, жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша өкілеттіктер берілген кезде мүдделер қақтығысы туындайды. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| заң | Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" | дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі | ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының 46) тармақшасына сәйкес мәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру, өнер туындылары мен мәдени құндылықтарды көпшілік алдында орындау және көрсету үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы мүмкін. Заңның осы тармақшасы кеңінен түсіндіріледі, өйткені ол сатып алуға болатын нақты тізімді көздемейді. |
заңнамаға тиісті өзгерістер не толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | құқықтық олқылықты жою | 2021 жыл |
| заң | Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығы "Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 359 бұйрығы "Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| кодекс | Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| заң | Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығы "Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| заң | Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы "Тұрғын үй қатынастары туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| Үкiметтiң нормативтiк құқықтық қаулылары | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 Қаулысы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| Үкiметтiң нормативтiк құқықтық қаулылары | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығы "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы "Мәдениет туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығы "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||
| министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" | сыбайлас жемқорлық факторы жоқ | ||||