Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және

көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл туралы

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесші айқындалды, ол жер комиссиясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау кезінде қатысады.

АДАЛ КӨМЕК жобасы бойынша Павлодар ауданында тікелей эфирлер сериясы өткізілді, оған ауданның мемлекеттік органдарының барлық басшылары қатысты.

Бүгінгі таңда біз 50-ден астам эфир өткіздік.

Сондай-ақ, тікелей эфирлер «АНТИКОР ЛАЙВ» жобасы аясында өткізілді.

Тікелей эфир барысында көптеген сұрақтар, соның ішінде әлеуметтік көмек алу, салық төлеу, жер телімдерін алу мәселелері түсіндірілді. Бұл жұмысқа тәуелсіз заңгерлер, аудандық нотариустар мен судьялар да тартылды.

Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері пайдаланылады. «Заман тынысы» және «Нива» газеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта түрлі материалдар орналастырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаражат қарастырылды. Бірінші жартыжылдықтың өзінде ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара ұйымдастырылады.

2021 жылғы 1 сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша ауданның мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен өңірлік ақпараттық-ағарту штабының басшысы Жанғазы Еркеғали Жұмабайұлымен, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің орынбасарымен кездесу өткізілді.

Adaldyq Alany жобалық кеңсесі

Ауданда 2021 жылдың сәуір айында Adaldyq Alany жобалық кеңсесі іске қосылды. Кеңсе басшысы болып «Олжа» ЖБДО директоры Сағынтай Ернұр белгіленді.

2021 жылғы 9 сәуірде кеңсе жұмысы аясында бірінші іс-шара – азаматтарды қабылдау өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы шеңберінде әкімшілік айыппұл салу бөлігінде ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметі, сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметі қамтылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

2021 жылдың мамыр айында аудан әкімдігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Аудан әкімінің өкімімен тиісті жұмыс тобы құрылды.

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты.

Электрондық тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда қызметтердің 95% электронды түрде көрсетілген.

Аудан әкімдігімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізуге Қоғамдық кеңес тартылған.

Ағымдағы жылғы 10 наурызда аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді, онда ауданның мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы қаралды.

Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Мемлекеттік мекемелердің қаражатты жұмсауын бақылау сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесудің негізгі факторларының бірі болып табылады.

Аудан тұрғындарын мемлекеттік бағдарламалардың, инвестициялық жобалардың іске асырылуымен таныстыру мақсатында Ашық бюджеттердің интерактивті картасында ауданның барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттері жарияланды.

Қаржылық тәртіпті сақтауға ерекше көңіл бөлінді.

Осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия

2020 жылы Комиссияның 4 отырысы, 2021 жылы 1 отырыс өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар бойынша бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері тыңдалды.

Осы тақырып бойынша барлығы 9 мәселе қаралды, 12 тапсырма әзірленді. Қазіргі уақытта барлық тапсырмалар орындалды.

Комиссияның барлық хаттамалары, сондай-ақ бекітілген жұмыс жоспарлары бар.

ВАК құрамы тұрақты түрде өзектендіріледі, ол аудандық мәслихат сессиясымен бекітіледі.

2019, 2020, 2021 жылдары аудан әкімдігінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол берілмеді.

Ауданның мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмады.

 

Павлодар ауданы әкімі

аппараты басшысының

міндетін атқарушы                                          О. Барабаш

Дата публикации
01 июня 2021