Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2021 жылғы 1 шілдеде сағат 11:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша, оның ішінде электрондық түрде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукционды өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берілген өтінімді кері қайтара алмайды.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытында сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалға алу шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН: 050540004455; СТК: 171; Кбе: 16.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар бірыңғай операторға аукцион қатысушысынан тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері қойылады:
|
Р/с№ |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің мақсатты нысаны |
Жер учаскесінің көлемі, га |
Иеліктен шығарылатын құқық түрі (жер учаскесін меншік құқығы немесе жалға алу құқығы) |
Жер учаскесіне барлық ауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі |
Жалдау ақысының сомасы, теңге |
Сауда-саттықты өткізу тәсілі мен әдісі |
Бастапқы бағасы, (теңге) |
Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
9 |
|
1 |
Павлодар ауданы, Шақат ауылдық округі, Толыбай ауылы |
Мал шаруашылығы базасын салу үшін |
1,0 |
3 (үш) жылға уақытша өтеулі жер пайдалану
|
жоқ |
8 640 |
Электрондық аукцион
Бағаны көтеруге |
92 400 |
50 АЕК, 145 850 теңге |
|
2 |
Павлодар ауданы, Ефремовка ауылдық округі, Ефремовка ауылы |
Мүліктік кешенді салу үшін |
6,0 |
3 (үш) жылға уақытша өтеулі жер пайдалану
|
жоқ |
51 840 |
Электрондық аукцион
Бағаны көтеруге |
795 600 |
50 АЕК, 145 850 теңге |
Ұйымдастырушы: «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Ақпарат үшін телефон: 8/718/2/32-91-18