Барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралау бойынша 1-кезең (дайындық кезеңі) 2021 жылғы 1-30 маусым аралығында өткізілетін болады.
Осы кезеңде интервьюерлер тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын үй-жайлардың, тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) және тұрғын емес үй-жайлардың тізімдерін нақтылау, сондай-ақ олардың әрқайсысында тұрақты тұратын халықтың саны және құқық иесі туралы мәліметтер бойынша деректер жинау мақсатында өзінің тіркеу учаскесін аралайтын болады. 1-СЖ «Тұрғын үй жайлардың, тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) және тұрғын емес үй-жайлардың тізімі» санақ парағын толтыруды интервьюер планшетте жүзеге асырады (планшетті пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда,толтыру кейіннен деректерді планшетке ауыстыра отырып, қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады).