Құрметті сайт қонақтары!
Сіздердің назарларыңызға 2021-2023 жылдарға арналған Павлодар ауданы қаржы бөлімінің азаматтық бюджеті ұсынылған, онда бөлім бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылған.
Бөлімнің бюджеті Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы "2021-2023 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджет туралы" № 78/363 шешімімен бекітілген.
Бөлімнің бюджеттік бағдарламалары басшының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1-03-85 бұйрығымен бекітілген.