АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ұйымдастырушы) 2021 жылғы 4 маусымда сағат 15.00-де шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша қайта конкурс өткізеді. Конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, акт залы.

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

№ р/н

Лот №

Алаңы, га

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Бонитет балы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалгерлікке беру мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан орны

 Сумен

қатамасыз

дандырылуы

 

1

991

Жалпы ауданы 59,56 га, соның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылым 59,56 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы

15 жыл

Луганск ауылдық окруі

жоқ

 

2

992

Жалпы ауданы 170,2 га, соның ішінде жайылым 2,1 га,  шабындық 160,7 га, өзге алқаптар 7,4 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы

15 жыл

Заря ауылдық окруі

жоқ

 

Барлығы: жалпы ауданы 229,76 га, соның ішінде жайылым 2,1 га, түбегейлі жақсартылған жайылым 59,56 га, шабындық 160,7 га, өзге алқаптар 7,4 га

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

       5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

      Конкурстық ұсыныста:

       1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

       Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

       Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қатысушы конкурстық өтінімді мөрлейді, онда: өзінің атауы мен мекенжайын; конкурсты ұйымдастырушының және оның мекенжайын көрсетеді «Шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс» және (ашудың нақты күні мен уақыты көрсетіледі) «2021 жылғы «04» маусым сағат 15.00-ге ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ" деген сөздерді жазады. Конкурс өтінімдері ұйымдастырушыға Павлодар қаласы, Жеңіс Аланы көш. 17, 326 каб., пошта индексі – 140000 мекенжайына, қабылдау мерзімінде 2021 жылғы 21 мамырдан 2021 жылғы 03 маусымға дейін қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.

Назар аударыңыз! Конкурсқа қатысуға өтінімде әрбір лот бойынша (бірнеше лотқа өтінім берілген жағдайда) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы мәліметтерді нақты ажырату қажет, олай болмаған жағдайда Сіздің өтініміңіз осы өлшем бойынша қаралмайды.

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
05 мая 2021