«Павлодар ауданының қаржы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 Қаулысына сәйкес Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілгенін хабарлайды, оған «Павлодар ауданы әкімі аппаратының Павлодар аудандық газетінің редакциясы» ЖШС кәсіпорны енгізілді.
Іске асыру 2021 жылға жоспарланды.
Толық ақпаратпен Мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында (gosreestr.kz) «Жекешелендірудің екінші толқыны объектілері» функционалында танысуға болады, онда «Павлодар ауданы әкімдігінің Павлодар аудандық газетінің редакциясы» ЖШС объектісін іске асырудың жол картасы орналастырылды.