Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына, 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 1 конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалпы ауданы 4174,95 га жер учаскелері ауданның запас жерлері санатынан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер санатына аударылсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы бөлінетін жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы берілсін.
- Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңында қарастырылған тәртіппен міндетті тіркеуге жататыны түсіндірілсін.
- Шектес жер пайдаланушылардың өз жер учаскелеріне өтуі және жүруі үшін сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б. Жәутікбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шұғаев