Павлодар ауданы тұрғындарының назарына хабарлама

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 36-1-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 мамырда Луганск ауылдық округі әкімін сайлау өтетінін хабарлаймыз.

25 жасқа толған, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес белсенді сайлау құқығына ие, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарға сәйкес келетін, жоғары білімі бар және тиісті облыстың аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әкімдікке кандидаттар бола алады.

Әкімдікке кандидаттар ұсынуды аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиынының келісімінен кейін балама негізде (яғни әкім лауазымына кемінде екі кандидат) жүзеге асырады.

Ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауы тиісті аудан мәслихаты депутаттары-таңдаушылар отырысында жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi.

 

 

Павлодар аудандық  аумақтық

сайлау  комиссиясы

 

Сообщение для сведения жителей Павлодарского района
Дата публикации
15 апреля 2021