Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы
«Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы»
№ 53/241 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 382/34 бірлескен шешіміне және Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 6 «Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері арттырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында:
«Жердің орналасу аймақтары» бағанында «3» сандары алынып тасталсын;
«Арттыру пайызы» бағанында «+40%» белгілері мен сандары алынып тасталсын;
«Красноармейка ауылдық округі» атауы «Кемеңгер ауылдық округі» атауымен ауыстырылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы «Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 53/241 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына түсіндірме жазба
Осы нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 382/34 бірлескен шешіміне және Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 6 «Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» қаулысына сәйкес, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде жер салығының ставкаларын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.
Павлодар аудандық мәслихатының 2021 жылғы «____» _________
«Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы
«Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы»
№ 53/241 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № ______шешім жобасына анықтама
|
№ |
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган |
«Павлодар ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ |
|
2. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) |
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 382/34 бірлескен шешіміне және Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 6 «Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» қаулысына сәйкес |
|
3. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
4. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме |
Жоқ |
|
5. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
6. |
Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер |
2021 жылғы 18 ақпанда аудандық «Заман тынысы», «Нива» газеттерінде жарияланған. 2021 жылғы 15 ақпанда Павлодар ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған. |
|
7. |
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
8. |
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) |
Жоқ |
|
9. |
Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған сараптама кеңестерінің мүшелері туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
10. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
2021 жылғы 2 наурыздағы кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы |
|
11. |
Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 8 ұсынысы |
|
12. |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер |
Жоба ашық НҚА интернет-порталында 2021 жылғы 15 ақпаннан 1 наурызға дейін орналастырылды. Есеп 2021 жылғы 5 наурызда қалыптастырылды. |
|
13 |
Мемлекеттік әзірлеуші орган өзінің интернет-ресурсында және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы баспасөз релизін ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталына сілтемемен бірге орналастырғаны туралы мәліметтер |
Шешім жобасының пресс-релизі Павлодар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында 2021 жылғы 15 ақпанда орналастырылды. (http://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan/documents/details /). |
|
14 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы мәліметтер (сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың берілген күні) |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың 2021 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы.
|
Павлодар аудандық мәслихатының 2021 жылғы ____________№ ________
«Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы
«Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 53/241 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына салыстырмалы кесте
|
Р/с № |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме. Тапсырмаларға сілтемелерден басқа: 1) түзетудің мәнін; 2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет |
|
1 |
2 тармақ |
Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері ұлғайтылсын |
Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері арттырылсын |
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында |
|
2 |
1 қосымша |
Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
|
Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
|
Ауылдық округі және ауыл атауы өзгертілуіне байланысты |
|
3 |
2 қосымша |
Павлодар ауданының жерлеріне жер салығының
|
Павлодар ауданының жерлеріне жер салығының
|
Ауылдық округі және ауыл атауы өзгертілуіне байланысты, «3» бағалау аймағы алынып тасталды |
|
шешіміне қосымша |
Павлодар ауданының жерлерін аймақтарға бөлу
жобасы (схемасы)
Шартты белгілер:
|
- елді мекеннің жерлері |
- су нысандары (өзендер мен көлдер) |
|
- өнеркәсіптік (елді мекен шегінде) |
- орман қоры |
|
|
- ауылдық округтердің шекаралары |