2020 жылдың қортындысы бойынша Павлодар ауданы аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде нысаналы индикаторларды орындау бойынша есеп

2020 жылғы12 ай ішіндегі 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының шеңберінде нысаналы көрсеткіштерді орындау мониторингі өткізілді, сонда 25 нысаналы көрсеткіштерден 17 орындалды,  орындалмаған – 3,5 көрсеткіш бойынша статистикалық деректер жоқ.

«Экономика» 1-ші бағыт бойынша барлығы 4 НК, орындалғаны - 2, орындалмағаны - 2.

Орындалғаны:

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны, жоспар –105,7%, факт 1.01.2021 ж. – 119,9%;

2016 жылдың деңгейіне негізгі капиталға инвестициялар, жоспар –62,0%, факт 1.01.2021 ж. –91,8%.

Орындалмағаны:

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі жоспар – 100,0%, факт 1.01.2021 ж. –65,1%;

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі, жоспар –105,0%, факт 1.01.2021 ж. – 102,0%.

«Әлеуметтік сала» 2-ші бағытында барлығы 15 НК, орындалғаны – 9, орындалмағаны – 1, 5 көрсеткіш бойынша статистикалық деректер жоқ.

Орындалғаны:

Жұмыс істейтін апатты және үш ауысымды мектептердің саны, жоспар – 0 бірлік, факт 1.01.2021ж. – 0 бірлік.;

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, жоспар-100,0%, факт 1.01.2021 ж. - 100,0%;

Ана өлімі, тірі туған 100 мың балаға шаққандағы жағдай, жоспар – 0,0%, факт 1.01.2021 ж. - 0,0%;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлес салмағы, жоспар – 24,0%, факт 1.01.2021 ж. - 24,0%;

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналастырылған мүмкіндігі шектеулі адамдардың үлесі, жоспар-85,0%, факт 1.01.2021 ж. –91,3%;

Мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің үлесі, жоспар – 100,0%, факт 1.01.2021 ж. –100,0%;

Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, жоспар – 120,3%, факт 1.01.2021 ж. – 120,5;

10 000 тұрғынға қылмыстылық деңгейі, жоспар – 67,0%, факт 1.01.2021 ж. –51,5%;

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі, жоспар-100,0%, факт 1.01.2021 ж. - 100,0%.

Орындалмағаны:

Нәрестелер өлімі, тірі туған 1000 балаға шаққандағы жағдай, жоспар-6,5%, факт 1.01.2021 ж. –8,5%;

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, жоспар-5,7%, факт 1.01.2021 ж. - 5,9%.

Деректер жарияланбаған:

Жұмыссыздық деңгейі, жоспар-4,3%, 1.01.2021 ж.- статистикалық деректер жоқ;

Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілердің санын арттыру, жоспар – 25,0%, 1.01.2021 ж.- статистикалық деректер жоқ;

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан өнімсіз жұмыспен қамтылғандар үлесі, жоспар– 14,7%, 1.01.2021 ж.– статистикалық деректер жоқ;

1000 адамға мәдениет ұйымдарына (кітапханаларға) келушілердің орташа саны, жоспар – 337,9 адам, 1.01.2021 ж.– статистикалық деректер жоқ.

«Инфрақұрылым» 3-ші бағытында барлығы 4 НК, орындалғаны – 4:

Орындалғаны:

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету, жоспар – 25,0%, факт 1.01.2021 ж. –25,0%;

Ауылдық елді мекендерде орталық сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету, жоспар – 47,4%, факт 1.01.2021 ж. – 47,4%;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, жоспар – 94,1%, факт 1.01.2021 ж. – 94,1%;

Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету, жоспар – 19,3%, факт 1.01.2021 ж. – 19,8.

«Экология және жер ресурстары» 4-ші бағытта барлығы 2 НК, екеуі де орындалды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі, жоспар–1,0%, факт1.01.2021 ж. –1,0%;

Экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан), жоспар – 0%, факт1.01.2021 ж.  – 0%.

2020 жылдың қортындысы бойынша Павлодар ауданы аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде нысаналы индикаторларды орындау бойынша есеп
Дата публикации
12 февраля 2021