«Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы» Рождественка ауылдық округі әкімінің шешімі жобасына баспасөз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 19 бабы 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 1 тармағы 6) тармақшасына сәйкес Рождественска ауылдық округі әкімінің шешімі әзірленді.
2020 жылғы 30 наурыз «Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы» Рождественка ауылдық округі әкімінің шешімі «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2512671&type=2
Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 19 бабы 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы тармақшасына сәйкес Рождественка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:
ауылдық округінің Розовка ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рождественка ауылдық округінің әкімі Р. Галеев
Түсіндірме жазба
Рождественка ауылдық округі әкімінің « Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді.
Осы жобаны әзірлеудің мақсаты жер телімдерін алып қоймай қауымдық сервитут белгілеу болып табылады.
|
қаулысына қосымша |
|
Р/с № |
Пайдаланушы |
Алаңы, гектар |
Нысаналы мақсаты |
Пайдалану мерзімі (жыл) |
Жер телімінің орналасқан жері |
|
1
|
«Казахтелеком» акционерлік қоғамы |
0,016
|
Кабельдік кәрізді жүргізү мен пайдалану үшін |
10
|
Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі, Розовка ауылы
|