Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 71/315 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына баcпасөз-релизі

Павлодар аудандық мәслихатының

 2020 жылғы 15 мамырдағы  «Әлеуметтік көмек көрсетудің,

оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы

 мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»

 № 71/315 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

шешім жобасына

баcпасөз-релизі

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы      Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504  қаулысына сәйкес әзірленді.

         Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Павлодар ауданында алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда, қыркүйектің екінші жексенбісі атап өтілетін Отбасы күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, студенттерге әлеуметтік көмек көрсету болып табылады – жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім алуға арналған мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектерге табыстарын есепке алмай, жүктілігі бойынша 12 күнге дейін есепке тұрған жүкті әйелдерге әлеуметтік көмекті облыс бойынша бірыңғай мөлшерде 20 АЕК-ке дейін ұлғайту табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға және табысы кедейлік шегі мөлшерінен жоғары аз қамтылған отбасыларға бірінші бала туғанда берілетін ақшалай өтемақылар, бірақ күнкөріс минимумынан төмен және 1, 2 топтағы жалғызбасты мүгедектер. Әлеуметтік төлем бір рет, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын жүргізіледі.

         Осы іс-шара бойынша қаржылық шығындар 8185,1 мың теңгені құрайды.

         Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 Қаулысымен «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізілді.:

         10-тармақтағы 2) тармақша алынып тасталсын;

         11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «11. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».

         Жобаны қабылдау шешім теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы 2021 жылғы 9 мамырда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

 

«Павлодар ауданыныңжұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің»

ММ басшысы                                                                          Н.Кузят

 

                                                                                                                                                                        ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»№ 71/315 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы      Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»№ 504  қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6847 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 71/315 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

4-тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні.»;

5-тармақ келесі мазмұндағы7-6), 12-3), 12-4), 19)тармақшаларымен толықтырылсын:

«7-6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;»;

«12-3) табысы күнкөріс деңгейі мөлшерінен төмен аз қамтылған отбасылар;»;

«12-4) табысы кедейлік шегінің мөлшерінен жоғары, бірақ күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен аз қамтылған отбасылар;»;

«19) бір деңгейдегі білім беру ұйымдарында бұрын басқа мамандық бойынша оқығаны үшін өтем алғандарды қоспағанда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім алуға табыстарын есепке алмай  үзінді көшірмесі бар  мүгедекстуденттер.».

6-тармақ келесімазмұндағы1-8), 4-9), 5-4), 6-3), 8-2)тармақшаларымен толықтырылсын:

«1-8) Отбасы күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың 7-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін;»;

«4-9) 5-тармақтың 17) тармақшасында көрсетілген санат үшін (үшінші топтан басқа) осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;»;

«5-4) 5-тармақтың 12-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде бірінші баланың тууына ақшалай өтемақы төлеуге 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;»;

«6-3) 5-тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды, мүгедектігі туралы анықтаманы, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын, Павлодар қаласының жоғары оқу орнының немесе колледжінің басшысы және өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған екі жақты шартты қоса отырып, уәкілетті органға өтініш негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде, сондай-ақ Павлодар қаласының колледждерінде оқу жылына 30 (отыз) АЕК мөлшерінде оқуғабіржолғы төлеуге;»;

«8-2) 5-тармақтың 12-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде тамақ өнімдері бағасының өсуіне байланысты 2 (екі) АЕК мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеуге;»;

6-тармақтың 5-3) тармақшасындағы «10» (он) мөлшеріндегі сөздер «20»

(жиырма) мөлшеріндегі сөздермен ауыстырылсын;

10-тармақтағы 2) тармақшасы алынып тасталсын;

11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«11. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада  ұсынылады, одан кейінқұжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінқамтамасыз ету мәселелеріжөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
09 марта 2021