2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАНПАВЛОДАР АУДАНЫНЫҢ
АУМАҒЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар қ, 2020ж.
Мазмұны
|
1. |
Төлқұжат |
3-5 |
|
2. |
Ағымдағы жағдайды талдау |
6-14 |
|
2.1 |
Павлодар ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау |
6-14 |
|
3. |
Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы көрсеткіштер және оларға қолжеткізу жолдары |
15-25 |
|
|
1-бағыт: Экономика |
15-17 |
|
|
2-бағыт: Әлеуметтік сала |
17-22 |
|
|
3-бағыт: Инфрақұрылым |
22-24 |
|
4. |
Қажетті ресурстар |
25 |
Төлқұжат
|
Атауы |
2016-2020 жылдарға арналған Павлодар ауданының аумағын дамыту бағдарламасы |
|
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» № 790 қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» № 64 бұйрығы, «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ 2019 жылғы19 қыркүйектегі «Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2015 жылғы 26 қазандағы «Павлодар облысы қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары үшін нысаналы индикаторлардыңбазалық тізбесін бекіту туралы» №115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 86 бұйрығы |
|
Аймақтың негізгі сипаттамалары |
Павлодар ауданы 1928 жылы құрылған, облыс орталығының айналасында орналасқан, Ертіс өзенінің оң жағалауында, солтүстігінде Тереңкөл ауданымен, оңтүстігінде Аққулы, шығысында Щарбақты ауданымен, солтүстік-шығысында Успен ауданымен шекаралас. Ауданның аумағы 584,2 мың гектар құрады. Халық саны –26,2мың адам. Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымына 12 ауылдық округ және 1 ауыл кіреді. |
|
Бағыттары |
Экономика Әлеуметтік сала Инфрақұрылым |
|
Мақсаттары |
Экономиканың басым секторларын дамыту Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру Өңір экономикасына инвестиция ағынын ынталандыру және өңірдің инновациялық дамуын жандандыру Білім беру сапасы мен қол жетімділігін жақсарту Аудан халқының денсаулығын жақсарту Аудан халқын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру Халықтың мәдениет саласындағы қызметтеріне деген сұраныс деңгейін арттыру Бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту Ауданда туризмді дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру Қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және төтенше жағдайлардан келетін залалды барынша азайтуды қамтамасыз ету Тұрғын үй құрылысын дамыту Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру және тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету Көлік-коммуникация кешенін дамыту Қоғамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту |
|
Нысаналы индикаторлар |
2020 жылға арналған нысаналы көрсеткіштер: бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны– 105,7%; өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің индексі – 100,0%; 2016 жылғы деңгейге негізгі капиталға инвестициялар– 62,0%; ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі–105,0%; жұмыс істейтін апаттық және үш ауысымдық мектептердің саны – 0; балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 100,0%; тірі туған 100 мың балаға ана өлім-жітімі – 0%; тірі туған 1000балаға сәби өлім-жітімі – 6,5%; жұмыссыздық деңгейі – 4,3%; өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижесіз жұмыспенқамтылғандар үлесі – 14,7%; атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі – 24%; халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқанмүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі – 85,0%; мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі – 100,0%; 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны: кітапхана – 337,9; халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі–120,3%; өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санын ұлғаюы –25,0%; 10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі – 67,0%; көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы - 5,7%; төтенше жағдайларға қарсы инфрақұрылымның қамтамасыз етілу деңгейі – 100%; бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету – 19,3 шаршы метр; күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету – 25,0%; ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілуі – 47,4%; жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі –94,1%; тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өндеу және кәдеге жарату үлесі – 1,0%; экологиялық талаптарға және санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) – 0%; ауылдықелді мекендердегі ағынды суларды тазартумен халықты қамту – 0% |
|
Қаржыландыру көздері мен көлемдері |
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың өз қаражаттары. Қаржыландыру көлемі (алдын-ала есептеулер): 2016 жылы –1630,3 млн. теңге; 2017 жылы –1429,7 млн. теңге; 2018 жылы –3896,4 млн. теңге; 2019 жылы –4619,4 млн.теңге; 2020 жылы –8 021,1 млн. теңге. Барлығы: 19 588,0млн. теңге. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналғанреспубликалық және жергiлiктi бюджеттердi бекiту кезiнде нақтыланатын болады
|
Ауданның жалпы сипаттамалары
Павлодар ауданы 1928 жылы құрылған, облыс орталығының айналасында, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан, солтүстіктен Тереңкөл ауданымен, оңтүстіктенАққулы ауданымен, шығыс жағынан - Щарбақты ауданымен, солтүстік-шығыс жағынан - Успен ауданымен шектеседі. Павлодар ауданы 584,2 мың гектар аумақты алып жатыр. Халық саны –26,2 мың адам, халықтың тығыздығы -1 шаршы метрге 4,5 адам.
Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар (49,6%), орыс (33,2%), украиндар (6,4%), немістер (5,9%)және басқа да ұлт өкілдері (4,9%).
Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымына 12 ауылдық округ және бір ауыл, 38 елді мекен кіреді.
Ауданның жер қоры 584,2 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер –391,3 мың гектар, өнеркәсіп жерлері – 5,8 мың га, елді мекен жерлері – 89,7 мың га, орман қорының жерлері – 23,0 мың га, су қорының жерлері – 8,7 мың га, босалқы жерлер – 65,7 мың гектар.
Павлодар ауданы экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрады. Өндірістік қызметтің негізгі бағыты – етті – сүтті мал шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы.
Павлодар ауданы экономиканың үдемелі және әртараптандырылған құрылымымен сипатталады.2019 жылы мұнда облыстың барлық өнеркәсіп өндірісінің ет өндірісінің 18,0% - ы, сүт өндірісінің 12,4% - ы, жұмыртқа өндірісінің 1,4% - ы шоғырланған.
2.1. Павлодар ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2.1.1 Экономика
2017-2019 жылдары салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі тұрақты.
2019 жылы салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны 106,9% құрады, бұл 2017 жылдан(109,6%) төмен. Ауданның негізгі ірі салық төлеушілері – «Луганск» ӨК, «Зерноград»ЖШС, «Кирова» ЖШС.
2017 жылмен салыстырғанда 2019 жылы салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуқарқынының негізгі себептері: 2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілердің кейбір санаттарының жалақысын ұлғайту есебінен табыс және әлеуметтік салықты 51,7 млн. теңгеге ұлғайту, заңды тұлғалардың салық салынатын базасын ұлғайту есебінен 55,4 млн. теңгеге меншікке салынатын салықтар(«ҚазТрансОйл» АҚ, «Рубиком» ЖШС, «Тоғас С» ШҚ» ЖШС),сот шешімі бойынша 17,5 млн. теңгеге салықтық емес түсімдер.
|
№ |
Көрсеткіш атауы |
2017 жыл |
2018 жыл |
2019 жыл |
|
1 |
Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдері (млн.теңге), соның ішінде: |
776,5 |
857,6 |
917,1 |
|
1.1 |
Біржолғы түсімдер, (млн.теңге) |
13,6 |
51,3 |
20,8 |
|
2 |
Кірістік өрлеудің нақты қарқыны, % |
109,6 |
105,7 |
106,9 |
2.1.1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар
2019 жылғыоблыстың өнеркәсіптік өндіріс көлемінде аудан үлесі 0,2% құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің тұрақсыз өсімі байқалуда (нақты көлем индексі 2017 жылда94,7%, 2018 жылда105,2%, 2019 жылда 104,0%).
Ауданның ірі өнеркәсіп кәсіпорындары өнеркәсіп өндірісінің барлық көлемінің 96% - ын қамтамасыз етеді(«Зерноград» ЖШС, «Родник и К» ЖШС, «Луганск» ӨК, «Солдатова» ЖК және басқалар).
Өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібі ең үлкен үлес салмағын алады– 95,9%.
2017-2019 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі тұрақсыз дамуда(НКИ2017жылы – 94,1%, 2018жылы –107,2%, 2019жылы – 101,5%).
2018 жылы Павлодар ауданының үлес салмағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың облыстық көлемінің 1,7% - ын құрады.
2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 9088,6 млн. теңгені құрады (НКИ – 91,1%), 2018 жылы 7982,8 млн. теңге (НКИ – 81,3%), 2019 жылы 8326,8 млн. теңге (НКИ100,4%). 2016 жылдың деңгейіне – 74,4% (шынжырәдісімен).
2017-2019 жылдары өндеу өнеркісібінің 5 объектілері пайдалануға енгізілді: жартылай өнім өндіру бойынша 2 цех («Луганск» ӨК, «Кусаинова М.А.»ЖК), сүтті қайта өндеу бойынша цех («Родник и К» ЖШС), наубайхана («Кох» ЖК, «Кусаинова М.А.» ЖК).
2017-2019 жылдары инвестициялардың ең көп салымы ірі жобаларды іске асыру есебінен белгіленді: көкөніс сақтау қоймаларын салу («Андас» ШҚ, «Данекер» ЖШС, «Интер-Тек» ЖШС), көлемі 1800 га суармалы учаскені қайта жаңарту («Андас» ШҚ), 15800 басқа арналған шошқа кешенінің 1-ші қатарын салу («Рубиком» ЖШС), 200 басқа арналған мал шаруашылығы базасын салу («НұрТомирис»).
2.1.1.2 Агроөнеркәсіптік кешен
Аудан экономикасының маңызды құрам бөлігі агроөнеркәсіптік кешен болып табылады, өйткені мұнда экономикалық әлеует және қоғам үшін маңызды ауылшаруашылық өнімдерін өндіру шоғырланған.
Өндірістік қызметтің негізгі бағыты – ет – сүт мал шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы.
2017-2019 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы ауа-райы-климаттық жағдайларға байланысты өзгерді, сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өнімдері тұрақты түрде басым болды. Табиғи өлшемдегі өндіріс көлемінің өзгеруінің негізгі факторлары - егістік алқаптарды кеңейту, замануи технологияларды енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланып ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.
2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндірісі 2017 жылғақарағанда8,9% немесе 2517,4 млн. теңгеге артты(2019 жыл – 30887,4 млн.теңге, 2017 жыл – 28370,0 млн.теңге), соның ішінде өсімдік шаруашылығында 13,6% немесе 1784,8 млн. теңгеге өсім(2019 жыл – 14871,7 млн.теңге, 2017 жыл – 13086,9 млн.теңге), мал шаруашылығында 4,7% немесе 725,7 млн. теңгеге өсті(2019 жыл – 16003,6 млн.теңге, 2017 жыл – 15277,9 млн.теңге).
Мал шаруашылығы саласында 2019 жылы 2017 жылға қарағанда ІҚМ басы 10,2%, көбейді, шошқа 53,6%,жылқы 11,8%, қой мен ешкі санының 15,3% - ға, құс санының 16,3% - ға төмендегені байқалады.
Саланың даму жағдайын SWOT – талдау:
Күшті жақтары:
өз шикізат базасының болуы;
мемлекеттік бағдарламалар бойынша саланы дамытуды қолдау үшін бюджеттен қажетті қаржы ресурстарын жыл сайын бөлу;
тиімді географиялық орналасуы (облыс орталығына жақындығы)
Кем жақтары:
өндірісті жаңғырту үшін кәсіпорындарда айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;
өндірістің ұсақ тауарлылығы;
Мүмкіндіктер:
өңдеу өнеркәсібін дамыту;
Ертіс-Успенка арнасын қалпына келтіру есебінен тұрақты суару алқаптарын 10 мың га дейін ұлғайту;
Қауіп-қатерлер:
шикізат базасының жетіспеушілігі;
қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар;
2.1.2 Әлеуметтік сала
2.1.2.1 Білім беру
Павлодар ауданының білім беру жүйесі әлеуметтік сектордың базалық салаларының бірі болып табылады.
Ауданда 26 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 15 орта, 6 негізгі және 5 бастауыш мектеп.Розовка және Шақат ауылдарында 2 мектеп жанындағы интернат, 559 оқушы 1 балалар өнер мектебі жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 30 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, соның ішінде бюджеттен қаржыландырылатын – 29 (20 шағын орталық – 335 бала, 9 балабақша – 551 бала) және 1 жеке балабақша – 21 бала.
Жалпы аудан бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 99% (жаңа есептеу әдістемесіне сәйкес), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрады.
15 мектепке 500 баланы тасымалдау жүзеге асырылуда, оған 13 бірлік автокөлік жұмылдырылды.
Ауданның 26 мектебінде ғаламторға шығатын 38 компьютер сыныбы (871 компьютер), 6 мультимедиялық-лингафондық кабинеттер бар,жаңа модификациялы кабинеттер ашылды: Кемеңгер ЖОББМ биология кабинеті,Ольгинка ЖОББМ химия кабинеті, Луганск ЖОББМ физика кабинеті және Чернорецк №1 ЖОББМбиология кабинеті. Орташа есеппен бір компьютерге 4,8 оқушыдан келеді.
Жыл сайын білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасы нығаюда.
Талданып отырған кезең ішінде аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен 100% қамтамасыз ету сақталуда.
2.1.2.2 Денсаулық сақтау
Павлодар аудынының аумағында 2020жылдын01.10.жағдай бойынша 29 медициналық нысан жұмыс істейді, оның ішінде емхана – 1, дәрігерлік амбулаториялар – 10, фельдшерлік-акушерлік бекеттер – 3 және медициналық бекеттер – 15.
Ана өлімі. 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ.
Сәби өлімі. Соңғы 3 жыл ішінде көрсеткіштің 4,1%-ға төмендеуіне қол жеткізілді: 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2017 жылы – 4,9, 2018 жылы - 5,3, 2019 жылы – 2,9.Нәрестелер өлім-жітімінің себептері арасында перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар, туа біткен ауытқулар және жазатайым оқиғалар елеулі үлесті құрайды.
2.1.2.3 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Павлодар ауданы еңбекке қабілетті халықтың оң динамикасымен және оның өсуі үшін белгілі бір резервтермен салыстырмалы түрде жоғары еңбек әлеуетімен ерекшеленеді.
2017 жылы ауданның экономикалық белсенді халқының саны 15042 адамды немесе 2019 жылғы жалпы халық саны 15 171 адамның 57,7% құрады, халықтың жалпы саны 26 283 адам кезінде.
Соңғы жылдар ішінде халықты жұмыспен қамтудың оң серпіні жұмыссыздардың жалпы санын қысқарту болып табылады.
Ашық еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 2017 жыл мен 2019 жылы 4,2%.
2.1.2.4 Мәдениет, спорт және туризм
Аудан мәдениеті қарқынды дамып келеді. Мәдениет мекемелерінің желісін дамытуға, кадрлардың біліктілігін арттыруға, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді ұйымдастыруға және өткізуге, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.Ауданда 49 мәдениет мекемелері жұмыс істейді: 28 клуб мекемелері (10 Мәдениет үйі және 18 ауылдық клуб), 21 кітапхана (1 орталық аудандық кітапхана, 20 ауылдық бұқаралық кітапхана).
118814 адам қамтылған халықпен 1958 іс-шара өткізілді.
Аудан аумағында 8 этномәдени бірлестік жұмыс істейді: беларус, украин, славян, татар, неміс, кәріс, өзбек этномәдени бірлестіктері және Кемеңгер ауылындағы "Нұр ана әлемі" ҚБ филиалы.
Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықты қамту 2019 жылы – 8135 адамды немесе 30,9%, 2018 жылы – 7905 адамды немесе 30,3%, 2017 жылы – 7545 адамды немесе 29,0% құрады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту 2019 жылы-1018 адамды немесе аудан халқының жалпы санынан 26,6%(2017 жылы 20,7% аудан мектептері оқушыларының жалпы контингентсанынан).
Туризм. Аудан аумағында «Энергетик» демалыс үйі (Мичурин ауылдық округі), «Сосновый бор» демалыс аймағы (Заңғар ауылдық округі), «Цветущий рай» көлі (Шақат ауылдық округі), «Щучье» көлі (Заря ауылдық округі) жұмыс істейді.
Павлодар ауданы бойынша туризм саласына тән мамандану мәдени-танымдық.
Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны 2019 жылы 4169 адамды құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 2998 адамға немесе 39% - ға артты. Сондай-ақ орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 7880 мың теңгеге немесе 59,6%артты.
2.1.2.5.Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі
Құқық тәртібті сақтау, қауіпсіздік және қылмыскерлікпен күрес.Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алуға және алдын ала білдіруге, жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.
2017-2019 жылдары аудан бойынша 571 қылмыс тіркелді (2017 ж. – 245, 2018 ж. – 178, 2019 ж. – 148).10 мың халыққақылмыс деңгейі 30,3%-ға төмендеді (2017 ж. – 92,5, 2018 ж. – 68,0, 2019 ж. – 55,9).
Көшедегі қылмыс.Көшелерде жасалған қылмыстарды талдау тұрақсыз деңгейді көрсетеді. Солай, 2017 жылы аудан аумағында көше қылмысының үлес салмағы 4,5% құраса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша – 5,1, ал 2019 жылы – 5,4%.
Азаматтық қорғаныс.
Соңғы 3 жылда (2017-2019 жылдар) Павлодар ауданының аумағында 29 төтенше жағдай тіркелді, соның салдарынан 14 адам зардап шекті, оның 8-і қайтыс болды.
ТЖ органдарымен төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу бойынша кешенді іс-шаралар (жоспарлы тексерулер, ақпараттандыру, БАҚ арқылы жұмыс және т. б.) жүргізіледі.),сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың әзірлік деңгейін арттыру және үйлесімділігін жетілдіру мақсатында жыл сайынғы командалық-штабтық, тактикалық-арнайы және басқа да оқу-жаттығуларды өткізу.
Ауданда 136 ерікті өрт сөндірушілер санымен 24 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды, олардың жарақтарында: 28 дана аспалы өрт сөндіргіштер, 13 мотопомпа, өртті сөндіруге арналған 1 бөшке, өрт сөндіру автомашиналары - 6 бірлік.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіруге жедел ден қою мақсатында Чернорецк, Новочерноярка, Шақат, Новоямышево, Заря, Ольгинка, Луганск ауылдарында өрт сөндіру бекеттері құрылды.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17067 адам халқы бар 12 елді мекенде немесе 65% - да жергілікті хабарлау жүйелері (бұдан әрі – ЖХЖ) бар. 2020 жылы ЖХЖ халық саны 1707 адамы бар үш елді мекенде орнатылды– Заңғар ауылында – 525 адам, Рождественка ауылында – 726 адам, Маралды ауылында – 456 адам.
SWOT талдау
Мықты жақтары:
инклюзивті білім беру дамуда;
медициналық ұйымдардың дамыған желісі;
ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және сауда салаларында тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құрумен жобаларды іске асыру;мәдениет саласының беделін арттыратын конкурстарды өткізу сапасын жақсарту;
Заря, Ефремовка, Новоямышево, Ольгинка ауылдарында спорттық кешендердің болуы;
тиімді экономикалық-географиялық орналасуы;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайлар жасалды;
АЕМ-де халықты хабардар етудің жергілікті жүйелерінің болуы;
шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерінің болуы;
ерікті өрт құрамаларымен қамтамасыз етілуі.
Әлсіз жақтары:
білім беру ұйымдарының жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтандыру,
азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігінің төмендігі;
еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі;
мәдениет мекемелерінде музыкалық білімі бар қызметкерлер санының жетіспеушілігі;
2000 адамнан астам халқы бар елді мекендерде ірі спорт объектілерінің жеткіліксіздігі;
бюджет қаражаты шеңберінде туризмді қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері;
тұрмыстық маскүнемдік, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің шешілмеуі;
орман қорына іргелес кең дала аумақтары;
аумақтың су басуға бейімділігі.
Мүмкіндіктер:
аудан тұрғындарының ақпараттық технологияларды қолдануға қызығушылығы;
өңірлерге, атап айтқанда, ауылдық елді мекендерге жас мамандарды тарту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу (тұрғын үймен қамтамасыз ету, көтерме ақы мөлшерін ұлғайту);
еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;
облыстық, халықаралық конкурстарға, фестивальдарға қатысу үшін шақыруларды қабылдау;
халықтың спорт объектілерімен қамтамасыз етілуін арттыру;
2020 жылға дейін Павлодар облысының туристік кластерін құру мен дамытудың Мастер-жоспарын іске асыру;
құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
Қауіп-қатерлер:
саланы жеткіліксіз қаржыландыруы білім беру ұйымдарының материалдық және техникалық базасының едәуір тозуына әкеледі;
халықтың әлеуметтік маңызы бар аурулармен аурушаңдығының өсуі;
экономикалық дағдарыстың теріс әсерінен жұмыссыздық деңгейінің өсуі;
тозу себебі бойынша жабдықтың істен шығу мүмкіндігі;
спорт саласын жеткіліксіз қаржыландыру;
ішкі туризмді дамыту саласындағы облыстың басқа аудандарымен бәсекелестік;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың әлеуметтік тұрақсыздығы (тұрақты тұрғын үйдің, жұмыстың болмауы);
орман және дала өрттерінің пайда болуы;
су айдындарында адамдардың қаза болу ықтималдығы;
елді мекендерді тасқын сулармен су басу.
Мәселелері:
қолда бар қорғаныс бөгетін (үйіндіні) нығайтуды жүргізу қажеттілігі.
2.1.3. Инфрақұрылым
2.1.3.1.Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Құрылыс жұмыстарының көлемі құлдырау үрдісі бар, 2017 жылы – 9417,9 млн. теңгені,2018 жылы – 3042,5 млн.теңгені, 2019 жылы – 4035,7 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудіңөсу үрдісі бар 2017 жылы – 2652 (125,3%), 2018 жылы – 4021 ш. м. (151,6%), 2019 жылы 4150 ш.м.
2019 жылы осы саладағы негізгі бағыттар: ғимараттардың құрылыс - монтаж жұмыстары 4035,7 млн.теңге немесе 130,8%.Тұрғын үй пайдалануға 4150 шаршы метр берілді (103,2%).
Өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрақұрылым
Сумен қамтамасыз ету.
Павлодар ауданында 38 ауылдық елді мекен (АЕМ) бар:
- 12АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтау (Кемеңгер ауылы, Красноармейка станциясы, Розовка ауылы, Максимовка ауылы, Чернорецк ауылы, Достық ауылы, Шақат ауылы және Маралды ауылы, Мичурино-Госплемстанция ауылдары,Набережное ауылы, Новоямышево ауылы);
- 7АЕМ суды КБМ қолданады (барлығы жұмыс жағдайда) (Жаңа қала ауылы, Коряковка ауылы, Заря ауылы, Жертұмсық ауылы, Аққұдық ауылы, Үміт апа ауылы, Қаратоғай ауылы).
Ағымдағы жылы Заря, Бірлік, Подстепное, Черноярка, Новочерноярка және Жаңа қала ауылдарында орталықтандырылған су құбырларының құрылысы аяқталады.
Маралды ауылында су құбырын қайта жаңарту үшін жер асты суларының қорын бекіту бойынша іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу қажет.
Сондай-ақ Кемеңгер ауылында су құбыры қайта жаңартуға жатады (60% тозған). Су құбырлары жүйелерінің ұзындығы 123,13 шақырым құрады, соның ішінде 13,62 шақырым.
2020 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға 18 елді мекен қол жеткізе алады, бұл 47,4% құрады.
Тұрғын үйлер қоры. Ауданның ауыл халқының тұрғын үй қорының жалпы көлемі 492 572 шаршы метрді құрады.Қазіргі уақытта 7400 жеке үй бар.Жеке сектордың тұрғын үй қоры жай-күйінің сипаты инфрақұрылымның дамымауы (орталықтандырылған жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау жүйесінің болмауы) болып табылады.2018 жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 12,8 мың шаршы метр алаңымен 16 құрады, соның ішінде 2-қабатты үйлер – 11; 4-қабатты – 4; 5-қабатты – 1.
Жолдар. Аудан балансында 202,1 км автомобиль жолдары бар, оның ішінде 126,7 км – асфальтбетонды жабындымен, 34,2 км – қиыршық жабындымен, 41,2 км – қара топырақ жабындымен.
Ауданның елді мекендеріндегі кентішілік автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 323,8 км құрайды, оның ішінде 108,0 км – асфальт төсемі және 215,8 км – топырақ төсемі.
2.1.3.2.Экология және жер ресурстары
Экологиялық жағдай
Павлодар ауданында энергетика, қара және түсті металл-лургия, тау-кен өндіру, мұнай өңдеу және химиялық өнеркәсіп сияқты экономиканың ірі салаларының шаруашылық қызметі жүзеге асырылмайды.Тиісінше, қоршаған ортаға елеулі әсер байқалмайды.
Павлодар ауданы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін 34 қоқыс орны бар,ал ТҚҚ полигондарын салу рәсімі белгілі бір уақыт пен елеулі қаржы шығындарын талап етеді.Елді мекендерден коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды «Касенко» ЖК және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар және ауылдық округ әкімдері стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу және ҚТҚ үйінділерін рұқсатсыз жағу бойыншаіс-шаралар өткізіледі.
Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді болдырмауға қатысты іс-шаралардың бірі, бұл қоқысты бөлек жинау үшін ҚТҚ контейнерлерін орналастыру,Павлодар ауданында 13 ауылдық округте барлық білім беру, денсаулық сақтау нысандарында және адамдар көп жиналатын орындарда тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнерлер орнатылды.2020 жылы қосымша ҚТҚ үшін 50 контейнер және пластикті жинау үшін 8 контейнер орнатылды, жылдың аяғына дейін 31 контейнер орнату жоспарланған.
Саланың даму жағдайын SWOT-талдау:
Мықты жақтары:
жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер учаскелерінің болуы;
сумен жабдықтау жүйелерінің болуы;
автомобиль жолдарын жөндеуді орындау;
Ертіс өзені мен көптеген көлдердің болуы.
Кем жақтары
құрылысқа сұраныстың маусымдылығы;
объектілердің және инженерлік объектілердің үлкен тозуының болуы, соның салдарынан – авариялар, шығындар, сумен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;
үлкен жүк автокөлігінің осіне жүктеменің артуы салдарынан жол киімі конструкциясының тозуы;
экологиялық талаптарға және санитариялық қағидаларға сәйкес келетін ҚТҚ орналастыру объектілерінің болмауы.
Мүмкіндіктері:
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
ұзақ қызмет көрсету нәтижесінде қалыптасқан сумен жабдықтау объектілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі;
көлік қызметін жақсарту;
су құбырларын салу.
Қауіп-қатерлер
тұрғын үй құнына әсер ететін құрылыс материалдардың қымбаттауы;
халықты сапалы ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ету;
жалпы пайдаланымдағы автожолдар бойынша автокөлік жүруінің қиындауы;
қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуы есебінен қоршаған ортаның ластануы.
3.Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары
1-ші Бағыт: Экономика
1.1.Бюджет
Мақсат: Бюджетке түсетін түсімдердің өсуін қамтамасыз ету
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі |
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны |
% |
112,2 |
116,3 |
- |
- |
106,1 |
98,0 |
105,7* |
Ауданның қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері |
ҚР ҚМ ведомстволық есептілік |
*НИ мәндері түзетілген:
2019 жылға-төмен ақы төленетін қызметкерлер үшін ЖТС ставкасының төмендеуіне және 2018 жылы бір жолғы түсімдерге байланысты
2020 жылға-жоғары тұрған бюджеттен аудандық деңгейге корпоративтік табыс салығын беру бөлігінде салық заңнамасының өзгеруіне және азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының артуына байланысты.
Жету жолдары:
Салық және салықтық емес төлемдердің түсімдері материалдық өндіріс салаларында 2016-2020 жылдарға арналған Павлодар ауданының аумағын дамыту Бағдарламасының іс-шараларын іске асыру есебінен жүзеге асырылатын болады
1.2.Өнеркәсіп
Мақсат: Экономиканың басым секторларын дамыту
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі |
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің индексі |
% |
93,3 |
140,2 |
- |
- |
101,3 |
101,4 |
100,0* |
Ауданның ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі |
Стат. мәліметтер |
|
2 |
2016 жылғы деңгейге негізгі капиталға инвестициялар |
% |
|
|
|
|
|
61,8 |
62,0 |
||
*«Зерноград» ЖШС шикізаттың болмауына байланысты өндірістің төмендеуіне байланысты2020 жылғы өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптік өндірісінің индексі (100,0%) 2019 жылғы деңгейге (101,4%) 1,4% - ға төмендеді
Жету жолдары:
экономиканың әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту;
өңдеуші өнеркәсіп көлемдерін ұлғайту ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу желісін кеңейту есебінен қамтамасыз етілетін болады;
өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге инвестиция тарту;
сауда-логистикалық инфрақұрылымды құру үшін инвестициялар тарту;
кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына жәрдемдесу;
Павлодар ауданында ауыл шаруашылығының, кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігінің өсуі, еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нарықтарына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолайлы орта құру;
«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру;
мемлекеттік органдардың өндірістік жобаларды іске асыру және инвестициялаудың түрлі мемлекеттік бағдарламаларына қатысу үшін қосымша қаржыландыру алу бойынша кәсіпкерлер мен фермерлерге кеңес беруі;
ауданның АШТӨ жаңа техника мен жабдықтарды сатып алу («Жаңа қала» ШҚ» ЖШС, «Андас» ШҚ, «Киров» ЖШС, «Әділ» ШҚ және т. б.)
«Жаңа қала» ЖШС-нің сауу залы бар 600 басқа арналған СТФ құрылысы» жобасын іске асыру жоба, инвестиция сомасы 990 млн.тг.
2020 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 1150,0 млн. теңгеге 4 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
- 312 басқа арналған сауу залы бар СТФ құрылысы, «Луганск» ӨК (2019 жылғы сәуір – 2020 жылғы қазан), инвестициялардың жалпы сомасы 200,0 млн. теңгені құрады;
- импорттық мал сатып ала отырып, 400 басқа арналған СТФ салу, «Ертіс» ШҚ (2019 жылғы сәуір – 2020 жылғы қазан), инвестициялар сомасы 400,0 млн. теңгені құрады;
- 420 басқа арналған СТФ құрылысы, «Киров» ЖШС (2019 жылғы сәуір – 2020 жылғы қазан), инвестиция сомасы 370,0 млн. теңгені құрады;
– тоңазытқыш жабдығы бар 2000 тоннаға арналған көкөніс қоймасының құрылысы, «Андас» ШҚ (2020 жылғы сәуір – 2020 жылғы қазан), инвестиция сомасы 180,0 млн.теңгені құрады.
1.2. Агроөнеркәсіп кешені
Мақсат: Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі |
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі |
% |
105,5 |
102,5 |
- |
- |
- |
104,2 |
105,0 |
Ауданның ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі |
Стат. мәліметтер |
Жету жолдары:
оған инвестицияларды тиімді салу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және жоғары өнімді техникамен жарақтандыру есебінен жоғары технологиялық АӨК құру;
кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындауға жәрдемдесу;
АӨК қайта өңдеу саласындағы мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және тауарлық өнімдерінің көлемін ұлғайту;
өндірістік жобаларды іске асыру және инвестициялаудың әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларына қатысу үшін қосымша қаржыландыру алу жөнінде мемлекеттік органдардың кәсіпкерлер мен фермерлерге кеңес беруі;
қазіргі заманғы техниканы сатып ала отырып, картоп пен көкөніс дақылдарын өсіру бойынша ылғал үнемдеу технологиясын қолдану;
өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына қол жеткізу мақсатында өсімдіктерді қорғауды және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін дамыту;
ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту.
2 ші Бағыт: Әлеуметтік сала
2.1. Білім беру
Мақсат: Білім беру сапасы мен қол жетімділігін жақсарту
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі
|
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
Жұмыс істейтін апаттық және үш ауысымды мектептердің саны |
бірлік |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Білім беру бөлімі |
білім бөлімінің әкімшілік деректері |
|
2 |
Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту |
% |
100,0 |
100,0 |
- |
- |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
білім бөлімінің әкімшілік деректері |
|
Жету жолдары:
2016-2020 жылдар кезеңінде Павлодар ауданы бойынша адам капиталының сапасын жақсартуға білім берудің барлық сатыларын тиімді дамыту және олардың қоғамның әрбір мүшесі үшін қол жетімділігі есебінен қол жеткізілетін болады.
Мектептерді қайта бейімдеу есебінен жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқу білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар саны артады.
Жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандардың келуі есебінен жоғары білімі бар педагогтардың үлесі артады.
Ауданда жеке тұрған шағын орталықтарды балабақша мәртебесіне ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Білім беру объектілерін дамыту.
Павлодар ауданы бойынша 2016-2020 жылдар кезеңінде адами капиталдың сапасын жақсартуға білім берудің барлық сатыларын тиімді дамыту және қоғамның әрбір мүшесі үшін олардың қолжетімділігі есебінен қол жеткізілетін болады.
Мектептерді қайта бейіндеу есебінен жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқу білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар саны артады.
Жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандардың келуі есебінен жоғары білімі бар педагогтердің үлесі артады.
Білім беру объектілерін дамыту және күрделі жөндеу.
2.2. Денсаулық сақтау
Мақсат: Аудан халқының денсаулығын жақсарту
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі
|
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
Ана өлімін төмендету, 100 мың тірі туғандарға шаққандағы жағдай саны |
% |
243,3 |
0 |
0 |
- |
- |
0 |
0 |
Аудандық емхана |
статистикалық деректер негізінде есеп айырысулар |
|
2 |
Сәби өлімін төмендету, 1000 тірі туғандарға шаққандағы жағдай саны |
% |
8,03 |
10,59 |
- |
- |
10,0 |
6,6 |
6,5 |
Аудандық емхана |
статистикалық деректер негізінде есеп айырысулар |
Жету жолдары:
Балалар мен әйелдер консультациясының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен жақсарту, олардың медициналық жабдықтармен жарақтандырылуын арттыру.
Ауылда практикалық және оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін аудандық емхана мамандарының қатарынан көшпелі бригадаларды қалыптастыру.Әлеуметтік жағдайы төмен әйелдерге ерте есепке қою кезінде көмек көрсетуде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Балалар мен әйелдер консультациясының медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Акушер-гинеколог, акушер кадрлармен жасақтауды жалғастыру.
ДДҰ ұсынған «Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету», «Балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған жүргізу» халықаралық бағдарламаларды енгізуді жалғастыру.
Бірінші жастағы балалар арасында учаскелік қызметтің патронаждық жұмысын күшейту.
Жоғарыда көрсетілген бағдарламалар бойынша БМСК мамандарын тікелей жергілікті жерлерде каскад әдісімен оқыту.Аналар мен әкелер мектептерінде, дені сау бала кабинеттерінде жұмысты жандандыру.
Әйелдер консультациялары мен болашақ аналар кабинеттерінде қауіпсіз ана болу қағидаты бойынша әйелдерді босануға дайындау.
Жүкті және бала емізетін аналар арасында емшекпен емізудің артықшылығы туралы жұмысты насихаттау және жүргізу.
Жылына бір рет әйелдер мен балаларға профилактикалық тексерулер және скринингтік зерттеулер жүргізу.
Жүкті әйелдер мен балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Балалардағы ЖРВИ, пневмонияның алдын алу мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Репродуктивті денсаулықты нығайту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын күшейту.
Әйелдерді ауызша контрацептивтермен қамтамасыз ету.
УДЗ-диагностика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру.
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
5 жылда бір рет медицина кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру факультеттерінің базасында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
Медициналық көмекке уақытылы жүгіну мәселелері бойынша халықпен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Қатерлі ісіктерді ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізу.
Аурудың және емдеудің ерте кезеңдерінде онкологиялық науқастарды анықтау санының өсуіне бағытталған іс-шаралардың тиімділігін арттыру.
Онкологиялық науқастарды амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Клиникалық көрсеткіштер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына тексеру жүргізу.
Наркологиялық қызметке есепке қою кезінде инъекциялық есірткіні тұтынушыларды бақылауды қамтамасыз ету.
Есірткіге тәуелді адамдар арасында оңалту іс-шараларын жүргізу.
Денсаулық сақтау объектілерін дамыту.
2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Мақсат: Аудан халқын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі
|
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
Жұмыссыздық деңгейі |
% |
3,9 |
4,5 |
- |
- |
4,3 |
4,4 |
4,4 |
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
статистикалық деректер |
|
2 |
Өзін өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар үлесі |
% |
|
|
- |
- |
|
14,7 |
14,7 |
бөлімніңведомстволық есебі |
|
|
3 |
АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі |
% |
- |
- |
- |
- |
22 |
23 |
24 |
бөлімніңведомстволық есебі |
|
|
4 |
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі |
% |
|
|
- |
- |
- |
68,8 |
85,0 |
бөлімніңведомстволық есебі |
|
|
5 |
Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі |
% |
|
|
- |
- |
- |
98,4 |
100,0 |
бөлімніңведомстволық есебі |
|
Жету жолдары:
тұрақты, уақытша, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, қайта даярлау, кәсіптік оқыту, қоғамдық жұмыстар, микрокредиттер, гранттар алу арқылы жұмыссыздарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, еңбекке жарамды атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;
өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың еңбек қатынастарын ЖК патенттер ашу және бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы заңдастыру;
әлеуметтік нысандарды паспорттау;
бейімдеу іс-шараларын өткізу;
мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру.
2.4. Мәдениет, спорт және туризм
Мақсат: Халық арасында мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс деңгейін арттыру. Бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту. Ауданда туризмді дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі
|
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны (кітапханалар) |
адам |
340,1 |
322,9 |
- |
- |
338,0 |
337,8 |
337,9 |
Ауданның мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі |
статистикалық деректер |
|
2 |
Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі |
% |
102,1 |
102,8 |
- |
- |
- |
143,3 |
120,3* |
бөлімніңведомстволық есебі |
|
|
3 |
Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру |
% |
250,6 |
55,4 |
- |
- |
- |
104,0 |
25,0* |
статистикалық деректер |
|
* 2,3 НИ мәні мыналарға байланысты түзетілді:
2 спорт объектісін басқа салаларға ауыстыру;
қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен
Жету жолдары:
көрмелер, байқаулар өткізу, кітап қорын толықтыру, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу;
кітапханаларды интернет желісіне қосу, бағдарламаларды, жобаларды, әртүрлі кітапханалық іс-шараларды әзірлеу, онлайн-конкурстар, викториналар, челлендждер, флэшмобтар және т. б. ұйымдастыру есебінен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды пайдаланушыларды ұлғайту;
аудан кітапханаларына баруға халықтың мүдделілігін күшейту бойынша белсенді жұмыс жүргізу;
мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қатысушыларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру;
спорт объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу;
спорттық инфрақұрылымды кеңейту;
«Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру.
2.5Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі
Мақсат: Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және төтенше жағдайлар салдарын азайтуды қамтамасызету
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі
|
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
10 000 тұрғынға қылмыстылық деңгейі |
% |
102 |
126 |
- |
- |
- |
68,0 |
67,0 |
Аудандық ішкі істер бөлімі |
Павлодар облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіҚСАЕК басқармасының есебі |
|
2 |
Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы |
% |
5,6 |
6,9 |
5,2 |
6,0 |
5,9 |
5,8 |
5,7 |
||
|
3 |
Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі |
% |
88 |
88 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Аудан әкімдігі, ауданның ТЖ бөлімі (келісім бойынша) |
ведомстволық есептер |
Жету жолдары:
неғұрлым зақымданған учаскелерді мақсатты өңдеу, маневр жасау немесе қызмет өткеру уақыты мен орны бойынша жол-патрульдік қызметінің саптық бөлімшелерін патрульдеу бағыттарын көшіру жоспарланған қылмыстың жай-күйіне ай сайын талдау жүргізу;
қоғамдық құрылымдарға қатысушыларды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту;
ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау белгілеу;
әкімшілік қадағалау ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
бұрын сотталған адамдарға қатысты профилактикалық қызмет алгоритмінің жұмыс істеуі;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
3-ші Бағыт :Инфрақұрылым
3.1. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Мақсаты: Тұрғын үй құрылысын дамыту
Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету.
Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру және тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету
Көлік-коммуникация кешенін дамыту
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі |
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету |
ш.м. |
18,7 |
19,2 |
- |
- |
- |
19,2 |
19,3 |
Аудан экономикасының нақты секторы бөлімі |
статдеректер |
|
2 |
Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету |
% |
0 |
0 |
0 |
0 |
24,0 |
24,0 |
25,0
|
бөлімнің ведомстволық есептілігі |
|
|
3 |
Ауылдық елді мекендерде орталық сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету |
% |
28,9 |
21,1 |
21,1 |
21,1 |
21,1 |
31,6 |
47,4 |
бөлімнің ведомстволық есептілігі |
|
|
4 |
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі |
% |
89,0 |
90,7 |
93,5 |
93,6 |
93,8 |
94,0 |
94,1 |
бөлімнің ведомстволық есептілігі |
|
* НИ мәні 2 түзетілді:
2020 жылға – Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2019 жылы қате есептеуіне байланысты
Жету жолдары:
көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы аудандарының және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру;
тұрғын үй құнын төмендетуге және құрылыс мерзімін азайтуға мүмкіндік беретін үй құрылысының индустриялық әдістерін пайдалану;
үкіметтік бағдарламаларда көзделген тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану есебінен, сондай-ақ даму институттары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы пайдалануға берілетін тұрғын үй ғимараттарының көлемін ұлғайту;
аумақты кешенді игеру және тұрғын үй және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерді жаппай салу мақсатында құрылыс салынған аумақтарды дамыту;
тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту;
жеке және коммерциялық тұрғын үй салу;
Қазақстан Республикасында "Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасына сәйкес тұрғын үй салу кезінде энергия үнемдейтін технологиялар мен экологиялық таза материалдарды енгізу;
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
автомобиль жолдарындағы апаттылықты азайту мақсатында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы, күрделі және орташа жөндеу бойынша іс-шаралар өткізу;
аудан бойынша қолданыстағы жолаушылар маршруттары желісін дамыту, шағын шалғайдағы елді мекендердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету, автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайту және қызметтердің өзіндік құнындағы көлік құраушысының азаюы кезінде аудан тұрғындарының көлік қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жұмысты жалғастыру;
орталық сумен жабдықтау объектілерін дамыту;
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру.
3.2.Экология және жер ресурстары
Мақсат: Қоғамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту
|
№ т/б |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
2014 |
2015 |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат көзі |
||||
|
факт |
факт |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
1 |
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін олардың пайда болуына |
% |
0 |
0 |
- |
- |
0,25 |
0,5 |
1 |
Аудан экономикасының нақты секторы бөлімі |
бөлімнің ведомстволық есептілігі |
|
2 |
Экологиялық талаптарға және Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) |
% |
0 |
0 |
- |
- |
0 |
0 |
0 |
бөлімнің ведомстволық есептілігі |
|
|
3 |
Ауылдық елді мекендердегі халықтыағынды суларды тазартумен қамту |
% |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жету жолдары:
2016-2020 жылдары қоршаған ортаны қорғау саласындадамудың негізгі бағыттары:
аудан тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи экожүйелердің тұтастығын қалпына келтіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану; қоқыс тастайтын жерлердің жалпы санын азайту (жақын маңдағы елді мекендер үшін ҚТҚ орналастыру объектілерін біріктіру);қоршаған ортаға әсерді бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге қалдықтарды орналастыру объектілеріне қойылатын экологиялық, санитарлық, құрылыс нормалары мен талаптарын ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;ҚТҚ-дан брикеттер дайындау үшін прес сатып алу (пластмасса, пластика, полиэтилен, макулатура, картон және қағаз қалдықтары, шыны ж/е т.б.);
проведение мероприятий по ликвидации несанкционированных свалок, развалин и недопущению образования стихийных свалок.
Қажетті ресурстар
Бағдарламаны іске асыру үшін қаржы ресурстарының жалпы көлемі 19 588,0 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
|
№ р/с |
Бағыт атауы |
2016 жыл |
2017 жыл |
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
Барлығы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
1-бағыт |
857,90 |
253,12 |
1582,20 |
1822,30 |
2155,0 |
6670,5 |
|
2 |
2-бағыт |
571,5 |
607,8 |
756,5 |
873,8 |
1 618,1 |
4 427,7 |
|
3 |
3-бағыт |
200,9 |
568,8 |
1557,7 |
1923,3 |
4239,0 |
8489,7 |
|
|
Барлығы |
1 630,3 |
1 429,7 |
3 896,4 |
4 619,4 |
8 012,1 |
19 588,0 |