Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 118-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Шақат ауылы, Әуезов көшесі, 41 мекенжайы бойынша тұратын, «Павлодар ауданының Шақат ЖОББМ» КММ директоры, 1967 жылы туған Искакова Алмагуль Кайдаровна әкім кандидатығына тіркелсін.
- Павлодар қаласы, Майра көшесі, 43-47 мекенжайы бойынша тұратын, «Павлодар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы, 1974 жылы туған Малика Амангельдиновна Калиева әкім кандидатығына тіркелсін.
- Шақат ауылы, Бижан көшесі, 18/2 мекенжайы бойынша тұратын Павлодар ауылының «Барыс» ДСК директоры 1971 жылы туған, Ерболат Даурешович Канкин әкім кандидатығына тіркелсін.
|
Комиссия
төрағасы
|
|
|
С. Акимбеков
|
|
|
|
|
|
|
М.П.
|
|
|
2021 жылғы «24» ақпан