2020-2022 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджет туралы

2020-2022  жылдарға арналғанПавлодар аудандық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк                               реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2020-2022 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес,соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 727245 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 772 192 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 32 018 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 13 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 910 035 мың теңге;

2) шығындар – 9 727245 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 166 266 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 198 825 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 32 559 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 166266 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін  пайдалану) –              166 266 мың теңге.

  1. Аудандық жергілікті атқарушы органның 2020 жылға арналған резерві 16344 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2020 жылға арналған Павлодар аудандық бюджетінде – 4 237 017 мыңтеңге облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі ескерілсін.

 

  1. Аудандық бюджеттен ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2020 жылға арналған аудан бюджетінде жалпы сомасы 823 780 мың теңге көзделсін, соның ішінде:

Григорьевка – 73 407 тысяч тенге;

Ефремовка – 24 093 тысяч тенге;

Заңғар – 24 553 тысяч тенге

Заря – 70 808 тысяч тенге;

Кеңес – 86144 тысяч тенге;

Кемеңгер – 88 266 тысяч тенге;

Луганск – 40 211 тысячи тенге;

Мичурин – 73 565 тысяч тенге;

Ольгинка – 47 218 тысяч тенге;

Рождественка – 92 822 тысяч тенге;

Чернорецк – 82916 тысяч тенге;

Черноярка – 94 196 тысяч тенге;

Шақат – 25 581 тысяч тенге.

  1. Аудандық бюджеттен ауылдық округтердіңжәне Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2021 жылға арналған аудан бюджетінде жалпы сомасы 828727мың теңге көзделсін, соның ішінде:

Григорьевка – 74807 тысяч тенге;

Ефремовка – 25 250 тысяч тенге;

Заңғар – 27 328 тысяч тенге

Заря – 70 812 тысяч тенге;

Кеңес – 88610 тысяч тенге;

Кемеңгер – 86 285 тысяч тенге;

Луганск – 38 897 тысячи тенге;

Мичурин – 68111 тысяч тенге;

Ольгинка – 51 410 тысяч тенге;

Рождественка – 94971 тысяч тенге;

Чернорецк – 85433 тысяч тенге;

Черноярка – 91800 тысяч тенге;

Шақат – 25 013 тысяч тенге.

  1. Аудандық бюджеттен ауылдық округтердіңжәне Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2022 жылға арналған аудан бюджетінде жалпы сомасы 848987мың теңге көзделсін,соның ішінде:

Григорьевка – 76455 тысяч тенге;

Ефремовка – 25 750 тысяч тенге;

Заңғар – 27 968 тысяч тенге

Заря – 72921 тысяч тенге;

Кеңес – 91 034 тысяч тенге;

Кемеңгер – 87747 тысяч тенге;

 

 

Луганск – 40002 тысячи тенге;

Мичурин – 69467 тысяч тенге;

Ольгинка – 52 238 тысяч тенге;

Рождественка – 97150 тысяч тенге;

Чернорецк – 87754 тысяч тенге;

Черноярка – 94909 тысяч тенге;

Шақат – 25 592 тысяч тенге.

  1. 2020 жылға арналған Павлодар аудандық бюджеттің атқарылуы үдерісінде секвестрге жатпайтын жергіліктібюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. 8. 2020 жылға арналған аудандық бюджетінде ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:

204 550 мың теңге – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне факторлық-балл шәкілі бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге;

94 535 мың теңге – ауыл ішіндегі автомобиль жолдарын жөндеуге;

30 689 мың теңге – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығындарға;

25 871 мың теңге – білім беру саласындағы күрделі сипаттағы шығындарға;

3 884 мың теңге – мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

33 252 мың теңге – мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

16 271 мың теңге – Ефремовка ауылдық округіндегі спорт саласындағы шығындарға;

15 383 мың теңге – мемлекеттік мәдениет ұйымдарының басқарушы және негізгі персоналына ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақы белгілеуге;

17 070 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Чернорецк ауылдық округінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.

  1. Ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру аудан әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.
  2. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер көзделсін.

 

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

А. Кашитов

Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы

 

А. Шайхимов



Шешім
Дата публикации
25 декабря 2019