Павлодар аудандық мәслихатының "2021-2023 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы" шешімінің жобасы

ЖОБА

 

2021-2023 жылдарға арналғанПавлодар аудандық бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк                               реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2021жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 204108 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 903079 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5884 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8400 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 286745 мың теңге;

2) шығындар – 9 204108 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 142597 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 188 146 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 45 549 мың теңге;

4) қаржыактивтеріменоперацияларбойынша сальдо – нөлгетең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -142597мыңтеңге;

6) бюджет тапшылығынқаржыландыру (профицитінпайдалану) –              142597мыңтеңге.

  1. Аудандықжергіліктіатқарушыорганның 2021жылғаарналғанрезерві 18347мыңтеңгесомасындабекітілсін.
  2. 2021жылғаарналған Павлодар аудандықбюджетінде – 4 308522мыңтеңгеоблыстықбюджеттенберілетін субвенция көлеміескерілсін.
  3. Аудандық бюджеттен ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2021 жылға арналған аудан бюджетінде жалпы сомасы 646953 мың теңге көзделсін, соның ішінде:

Григорьевка – 51383мың теңге;

Ефремовка – 34 559мың теңге;

Заңғар – 34 918мың теңге;

Заря – 50 120мың теңге;

Кеңес – 66414мың теңге;

Кемеңгер – 36422мың теңге;

Луганск – 70 545мың теңге;

Мичурин – 52431мың теңге;

Ольгинка – 35 939мың теңге;

Рождественка – 59 786мың теңге;

Чернорецк – 59548мың теңге;

Черноярка – 56879мың теңге;

Шақат – 38 009мың теңге.

  1. 2021жылғаарналғанаудандықбюджетіндеауылдық округтердің және Ольгинка ауылыныңбюджеттерінеберілетінағымдағы нысаналы трансферттеркелесікөлемдеріндеескерілсін:

103 432 мың теңге – елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеуді жүргізуге;

13 684 мың теңге – мәдениетұйымдарындағы басқарушы және негізгі персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша төлем ақы белгілеуге;

6 000 мың теңге – мәдениет саласындағы шығындарға;

214651 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.

  1. Ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру аудан әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.
  2. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер көзделсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Шешім жобасы
Дата публикации
07 октября 2020