2021-2023 жылдарға арналғанПавлодар аудандық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 9 204108 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 903079 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5884 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8400 мың теңге;
трансферттер түсімі – 8 286745 мың теңге;
2) шығындар – 9 204108 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 142597 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 188 146 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 45 549 мың теңге;
4) қаржыактивтеріменоперацияларбойынша сальдо – нөлгетең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -142597мыңтеңге;
6) бюджет тапшылығынқаржыландыру (профицитінпайдалану) – 142597мыңтеңге.
Григорьевка – 51383мың теңге;
Ефремовка – 34 559мың теңге;
Заңғар – 34 918мың теңге;
Заря – 50 120мың теңге;
Кеңес – 66414мың теңге;
Кемеңгер – 36422мың теңге;
Луганск – 70 545мың теңге;
Мичурин – 52431мың теңге;
Ольгинка – 35 939мың теңге;
Рождественка – 59 786мың теңге;
Чернорецк – 59548мың теңге;
Черноярка – 56879мың теңге;
Шақат – 38 009мың теңге.
103 432 мың теңге – елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеуді жүргізуге;
13 684 мың теңге – мәдениетұйымдарындағы басқарушы және негізгі персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша төлем ақы белгілеуге;
6 000 мың теңге – мәдениет саласындағы шығындарға;
214651 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.
|
Павлодар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
|
А. Абылгазинова |
|
Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы |
|
А. Шайхимов |