Павлодар аудандық мәслихатының 2021 жылғы ________«Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» №___шешімінің жобасына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес жоба әзірленді.
Жоба 2020 жылғы14 желтоқсанда "Ашық НҚА" порталында орналасқан.
ЖОБА
Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
- Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.
- Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 39/277 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 болыптіркелген, 2014 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
- Осы Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді белгілейді.
- Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұданәрі – бөлекжиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
- Бөлек жиынды Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің әкімі шақырады. Павлодар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
- Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдер мен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
- Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
- Бөлек жиынды ашудың алдында Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың тіркеуі жүргізіледі.
- Бөлек жиынды Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болыпта былады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
- Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
- Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
- Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.