Хабарлама

Павлодар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша сайланған, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына сәйкес сайлаушылардың 7 және одан да көп пайыз дауысын алған депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша хаттамалардың, саяси партияларға ұсынылған қаржылық есептердің негізінде Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Саяси партиялардың сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы» хабарлайды:

 

«Nur Otan» партиясы

  1. Қорға түсетін ақша түсімдерінің көздері: 11 108 000 теңге (он бір миллион бір жүз сегіз мың теңге 00 тиын).
  2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар: 11 108 000 теңге (он бір миллион бір жүз сегіз мың теңге 00 тиын).
  3. Сайлау қоры қаражатының қалдығы 2021 жылғы 08 қаңтардағы жағдай бойынша 0 теңге.
  4. Республикалық бюджетке 0 теңге сомасында қалдықтың үштен екісі аударылды.
  5. Саяси партияға 0 теңге сомасындағы қалдықтың үштен бірі қайтарылды.

«Ауыл»  ХДПП

  1. Қорға түсетін ақша түсімдерінің көздері: 200 000 теңге (екі жүз мың теңге 00 тиын).
  2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар: 200 000 теңге (екі жүз мың теңге 00 тиын).
  3. Сайлау қоры қаражатының қалдығы 2021 жылғы 08 қаңтардағы жағдай бойынша 0 теңге.

 

 

«Ақ жол» ҚДП

  1. Қорға түсетін ақша түсімдерінің көздері: 200 000 теңге (екі жүз мың теңге 00 тиын).
  2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар: 199 330 теңге (бір жүз тоқсан тоғыз мың үш жүз отыз теңге 00 тиын).
  3. 2021 жылғы 08 қаңтардағы жағдай бойынша сайлау қоры қаражатының қалдығы 670 (алты жүз жетпіс теңге 00 тиын).
  4. Республикалық бюджетке қалдықтың үштен екісі 446 (төрт жүз қырық алты теңге 67 тиын) сомасында аударылды.
  5. Саяси партияға қалдықтың үштен бірі 223 (екі жүз жиырма үш теңге 33 тиын) сомасында қайтарылды.

 

  Павлодар аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Сообщение
Дата публикации
16 января 2021