Шығып қалғандардың орнына Павлодар ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 5 тамыздағы «Шығып қалған адамның орнына сайлау комиссияларының мүшелерін тағайындау туралы» № 121/151 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және № 385, 392, 397 учаскелік сайлау комиссияларының ұсынысы негізінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы сайлау науқаны кезеңіне шығып қалған Михайлова Мария Петровнаның орнына № 385 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып уақытша 1966 жылы туған, қазақ, білімі орта-арнаулы, Госплемстанция ауылында тұратын Мичурин балабақшасының тәрбиешісі Бисимбаева Бағдат Итекбайқызы тағайындалсын.
  2. 2021 жылғы сайлау науқаны кезеңіне шығып қалған Тезекбаева Салтанат Оразбайқызының орнына № 392 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып уақытша 1992 жылы туған, орыс, білімі орта арнаулы, Луганск ауылында тұратын Луганск ауылының кітапханашысы Руди Ксения Владимировна тағайындалсын.
  3. Шығып қалған Татьяна Владимировна Ткачеваның орнына № 397 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып 1990 жылы туған, қазақ, білімі орта арнаулы, Кемеңгер ауылында тұратын Кемеңгер ауылының «Аяла» бөбекжайының тәрбиешісі Орынбасарова Гүлзада тағайындалсын.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                 С. Акимбеков

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                   Г. Балтабаева

 

 

 

Шығып қалғандардың орнына Павлодар ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы ҚАУЛЫ
Дата публикации
06 ноября 2020