Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты өзінің іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Президент Жарлығына, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік және өзін-өзі басқару орындары туралы» ҚР Заңына, Павлодар ауданыны аймағының даму Бағдарламасына, Павлодар ауданы әкімдігінің Қаулыларымен және басқа да нормотивті- құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Халық саны 1086 адамды құрайды. Ауылдық округте 39 ұлт өкілдері тұрады. Тұрғындардың жалпы санынан әлеуметтік-демографиялық құрамы төмендегідей:
Округ аумағында 341 аула бар, оның ішінде 114 жеке қосалқы шаруашылық бар.Зейнеткерлер-166 адам, студенттер-15 адам, оқушылар-206 адам, мектепке дейінгі балалар-34 адам, өз іскерлігінде -35 адам, жұмыс істейтіндер-712 адам.
Округте 8 шаруа қожалығы, 1-ЖШС, 2 ӘКК және 35 жеке кәсіпкер бар. 2020 жылы 2 жеке кәсіпкер өз қызметтерің бастады: "Салимов Амангелды Владимирович " ЖК - ІҚМ өсіру, «Аңсар» ЖК- сүт өңдеу
2020 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:
2021 жылға ауылдық округті дамытудың негізгі бағыттары мен міндеттері:
- округінің елді-мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру;
- пайдаланылмайтын жер телімдерін анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
- көшелерді жарықтандыруды жаңғырту бойынша ауылдық округте шамдарды энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру және орнату, жарықтандыру деңгейін арттыру жүргізілетін болады.
- Ефремовка ауылында су құбырын салу және орнату;
- Ефремовка ОЖББ мектебінің терезесін ауыстыру
- Ефремовка ауылының мәдениет үйі ғимаратының қасбетін жөндеуге ЖСҚ әзірлеу.
Ефремовка ауылдық округі әкімі А.Шахматалинов