2021 жылғы 1 қаңтарға ауылдық округі бойынша халықтың саны 703 адам болды, оның ішінде Заңғар ауылында – 529 адам, Коряковка ауылында – 174 адам тұрады. Ауылдық округі аумағында – 7 ұлттың өкілдері тұрады (қазақтар, орыстар, украйндер, немістер, балқарлар, татарлар және игуштер).
Жұмысқа жарамды халықтың саны 379 адам, зейнеткерлер – 75 адам, оқушылардың саны – 120.
Округ бойынша 10 жеке шаруа қожалығы және 25 жеке кәсіпкер, 1 ЖШС бар. Ең үлкені «Жұлдыз» және «Московка» шаруа қожалықтары болып саналады, олар мал шаруашылығымен айналысады.
2020 жылы 2 кәсіпкер құрды. Олар ЖК «Жапаров» басшысы Р. Жапаров, ЖК «Роза» Р. Раимбекова.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 АЕК (505000 теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар алды:
Екінші бағытпен 7 адам «Бизнес бастау» жоба бойынша оқудан өтті.
Үшінші бағытпен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде округтан адамдар қатысты. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы «Касымовтар» ШҚ (А.Ш. Қасымова) - 2 жұмыс орны құрды, ШҚ «Шайхим» (Абдыкалыков Е.М.) – 4 жұмыс орны, ШҚ "Жулдыз" (Казиев М.Ш.) - 2 жұмыс орны, ЖК «Нұрзат» (Д. Жумадилов) – 3 жұмыс орны, ЖК «Рустемов» (Рустемов К.А.) - 1 жұмыс орны, ЖК «Әдімі» - 1 жұмыс орны, ЖК «Роза» (Раимбекова Р.) - 1 жұмыс орны құрды.
2021 жылғы 1 қаңтарға жұмысқа тұру үшін жылдың басынан бері 45 адам өтініш білдірді, олардың 30 жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 42 адам тартылды.
2020 жылда Ерманова Улбосын Шалқар қизи (отбасы құрамы 2 адам), Бужбонова Мамлакат Махамбетовна (отбасы құрамы 4 адам), Рахматуллаев Касимбек Яхшиликович (отбасы құрамы 5 адам), Кулахмедова Перизат Дехканбай Кизи (отбасы құрамы 5 адам) Шымкент облысынан көшті.
Округте нақты әлеуметтік көмек алуға 4 отбасы жүгінді, онын ішінде 4 өтті, көмек тағайындалып төленді.
Заңғар ауылдық округі аумағында 2 мектеп бар: Заңғар жалпы білім беру орта мектебі және Коряковка бастауыш мектебі. Оларда барлығы 32 ұстаз жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді - 31, арнаулы орта білімі бар – 1. Мектептерде 115 оқушы оқиды оның ішінде 12 оқушы Коряковка ауылынан Заңғар ауылға және 8 оқушы Заңғардан Ефремовка аулына тасымалданады.
2020 жылы Заңғар ауылдық округінде ЖӨБ қаражаты келесі шығындар бойынша бөлінді:
1) Заңғар ауылында бейнебақылау орнатылды (548 мың теңге);
2) Коряковка ауылында балалар алаңына тренажерлар орнатылды (1975 мың теңге);
3) Заңғар ауылында балалар алаңына тренажерлар орнатылды (1267 мың теңге);
4) Кентішілік жолдарды орташа жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге 270 мың теңге;
5) Суат орналастыруға учаскені ресімдеуге 94 мың теңге;
6) Заңғар ауылындағы шағын футбол алаңы жарықтандырылды (536 мың теңге);
7) Коряковка а. қоқыс тастайтын жердің шекарасын қазуға 545 мың теңге;
8) ауылды сумен жабдықтауға 425 мың теңге;
9) КБМ электр энергиясына 100 мың теңге.
2020 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратына 25 өтініш түсті және оның барлығы уақытында қаралып, өтініш иелеріне нақты жауаптар қайтарылды.
Ауылдық округте тұратын азаматтарға барлығы 34 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде
Заңғар ауылдық округінің әкімі Р.Сманов