Кеңес ауылдық округі әкімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебіне тезистер
Аудан дамуының экономикалық көрсеткіштері
01.01.2021 жылға халық саны 2214 адамды құрайды.
Округтің әкімшілік-аумақтық құрылымына 3 елді мекен кіреді (Новоямышево, Әйтім, Қаратоғай ауылдары).
Округ экономикасының басым саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. Өндірістік қызметтің негізгі бағыты – етті-сүтті мал шаруашылығы.
01.01.2021 жылға ауылдық округтегі мал басының жалпы саны өндірістік кооператив пен шаруа қожалықтарының мал басын есепке алғанда: ірі қара – 3077 бас, жылқы – 560 бас, ұсақ мал – 4574, құс – 1226 басты құрады.
Жергілікті бюджет
«Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жергілікті өзін-өзі басқару шотына 2020 жылы 6,5 млн.теңге салықтық және салықтық емес түсімдер түсті.
Әлеуметтік қорғау
Округ халқының осал топтарын әлеуметтік қорғау мәселелері Павлодар ауданының әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жәрдемдесу арқылы көзделген. 007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 23 адам түрлі санаттар бойынша материалдық көмек алды. 2020 жылдың 12 айында АӘК көрсетуге 34 отбасы өтініш білдірді, оның ішінде 174 адам, оның ішінде 23 отбасы кедейлік шегінен асып кеткендіктен, сондай-ақ құжаттардың толық топтамасын ұсынбағаны үшін өтпеді. 11 өтініш Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолданды, оның ішінде 11 отбасына АӘК тағайындалды, оның ішінде 61 адам. АӘК алушылардың барлығымен шартты ақшалай көмек санаты бойынша (еңбекке қабілетті тұлғалар) әлеуметтік келісімшарттар жасалды. Атаулы әлеуметтік көмекпен табысы кедейлік шегінің деңгейінен аспайтын барлық көп балалы отбасылар (11 отбасы/61 адам) қамтылған. Әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындау бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 отбасы қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмекпен 11 отбасы, оның ішінде 7 көп балалы отбасы қамтылған.
Округте 4 тыл еңбеккері және бір ҰОС ардагерінің жесірі. Жыл сайын 9 мамырға аудандық мәслихаттың Қаулысына сәйкес әлеуметтік қорғау бөлімінен әлеуметтік көмек қарастырылған.
2021 жылға ҰОС қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне, ауған жауынгерлеріне теңестірілген 5 тұлғаға «Ардагерлер – Ветеран» газетінің мерзімді басылымдарына жазылуға материалдық көмек көрсетілді.
Кеңес ауылдық округінің аумағында 72 мүмкіндігі шектеулі азамат, оның ішінде 9 бала тұрады. Оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 15 мүгедек, оның ішінде 9 бала бар. 2020 жыл ішінде 2 мүгедек арнайы жүріп-тұру құралымен (бөлмелік ересектер кресло-арбасы) қамтамасыз етілді.
Жыл сайын «Қамқорлық» акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына – көп балалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға, мүгедек және әлеуметтік мәні бар аурулары бар отбасыларға, тыл еңбеккерлеріне, ауған жауынгерлеріне көмек көрсетіледі. Ағымдағы жылы кәсіпкерлік күштерімен, сондай-ақ Аналар кеңесімен жалпы сомасы 1 453 000 теңгеге азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерімен төмендетілген бағамен, дәрі-дәрмектермен көмек көрсетілді. Қайырымдылықтың негізгі демеушілері шаруа қожалықтарының басшылары мен жеке кәсіпкерлер.
Ауылдық округте 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеді, олар 2 жалғыз тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсетті.
Ауылдық округтің жұмыс істемейтін тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу және оларды жұмысқа орналастыру 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасына қатысуға тарту арқылы жүзеге асырылады.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылы 100 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, оның ішінде 79 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жоспар 100% орындалды ,38 жаңа жұмыс орны құрылды (жоспар 100%-ға орындалды).
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша ТжКБ оқыту бойынша үш адам қамтылды (100%), жастар практикасынан 4 адам өтті, практика аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 21 қатысушы оқытудан өтті. 13 адам 100 АЕК (505000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алды. Өз ісін дамытуға шағын несиелерді 2 қатысушы алды, оның ішінде.
Білім
Ауылдық округ аумағында 3 мектеп жұмыс істейді: Ямышев ЖОББМ, Кеңес НЖББМ және Қаратоғай бастауыш мектебі. Мектептерде 391 оқушы оқиды. Әйтім және Қаратоғай ауылдарынан Ямышев ЖОББМ-не – 31 оқушы, Қаратоғай ауылынан – 6 оқушыны Кеңес НЖББМ-ға жеткізу ұйымдастырылды.
Короновирус пандемиясына және қабылданған карантиндік шараларға байланысты округ мектептерінде 1-4 сынып аралығында кезекші сыныптар құрылды. Барлығы 15 кезекші сынып құрылды, жалпы саны 143 оқушы.
Мектеп оқушылары жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіштерін жақсартуда:
2020 жылы ҰБТ-ның 11-сыныбының 10 оқушысынан 5 оқушы тапсырды. ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балл 65,4.
Абайдың 175 жылдығына арналған облыстық ғылыми жобада Ямышев мектебінің оқушылары Ермек Ернұр бірінші орынды және республикалық деңгейде 3 орынды иеленді.
Аудандық «Зерде» ғылыми-зерттеу кешенінде 1 орынды Молдахметова Айгерім, 2 орынды Қаирденов Ерасыл иеленді.
Аудандық Қазақ тілі олимпиадасында 1 орын Каирденов Ерасыл.
Аудандық Мағжан оқулары сайысында 3 орын Серікпаева Аружан.
Жұматанов Тұмархан мен Жұматанова Томиристің «Қасиетті жерлерге саяхат» атты облыстық байқауында 2 орын.
Махамбет оқуларының облыстық сайысында 3 орын Шәкенов Балабек.
«Жаңа жылдық ертегі» байқауы 1 орын Молдахметова Айгерім.
2020 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке барар жол» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді. Акция оқу жылының басына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталды, акцияға округтің мекемелері, ұйымдары мен кәсіпкерлері қатысты.
Әр ауылда мектепке дейінгі мекеме бар. Ямышев ЖОБМ, Кеңес НЖББМ, Қаратоғай БМ жанында жалпы 58 балаға арналған шағын орталықтар жұмыс істейді. Новоямышев ауылында 60 балаға арналған Ямышев сабилер балабақшасы жұмыс істейді. Жалпы 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99,8% құрайды. Пандемияға және қабылданған карантиндік шараларға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар жұмыс істеді.
Денсаулық сақтау
Кеңес ауылдық округінің аумағында 3 денсаулық сақтау ұйымы жұмыс істейді: 1 – дәрігерлік амбулатория, 2 – медициналық пункт. Медицина қызметкерлері – 16 адам, оның ішінде жалпы практика дәрігері – 1. Аурудың әр түрі бойынша диспансерлік есепте 295 округ тұрғыны тұр, олар тегін дәрі-дәрмек алады.
Мәдениет және спорт
Мәдениет саласының желісі 5 мәдениет мекемесімен ұсынылған: 2 ауылдық клуб, 1 Новоямышево Мәдениет үйі және 2 ауылдық кітапхана.
Новоямышево МҮ базасында түрлі халықаралық байқаулардың жүлдегері болып табылатын "Еркетай" балалар би ұжымы жұмыс істейді. Домбыра, вокал және би үйірмелері жұмыс істейді. Айтим ауылдық клубының негізінде домбыра тобы жұмыс істейді. Ағымдағы жылы онлайн форматта 70-тен астам мәдени іс-шара өткізілді.
Ауылдық округте спортпен айналысу үшін мектептерде спорт залдары, спорт кешені, шағын футбол алаңы және хоккей коры бар.
2020 жылы карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты үйірмелер мен секциялардың қызметі уақытша тоқтатылды. Спорт залдарында футбол, волейбол, гимнастикамен айналысу үшін қажетті спорттық мүкәммал, сондай-ақ үстел үсті спорт түрлеріне – теннис, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ жиынтықтары бар.
Округ кітапханаларында 14-29 жас аралығындағы жастар арасынан 200-ден астам оқырман бар. Округте 2 ауылдық кітапхана бар, округ кітапханаларында мемлекеттік тілде кітап қоры жалпы кітап қорының 70% құрайды.
2020 жылы оқу мәдениетін насихаттау және тәрбиелеу мақсатында округ оқушылары мен жастары үшін әртүрлі кітапханалық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде қашықтық форматта.
Аумақты абаттандыру, жолдарды дамыту және күтіп ұстау
«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:
- Новоямышево ауылының спорт кешенін орташа жөндеуге 22,4 млн. теңге;
Сондай-ақ 2020 жылы:
- сомасы 767 мың теңгеге 30 дана көше жарығының бағандары бар қосымша жарықдиодты шамдар орнатылды;
- Қаратоғай ауылында КБН орнатылған және жұмыс істейді.
- әкімдік ғимаратында 1,7 млн. теңгеге жылыту қазандығы орнатылды.
- жазғы кезеңде балалар ойын алаңдарының конструкцияларына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
- жалпы сомасы 1,8 млн.теңгеге санкцияланбаған қоқыс үйінділерін жинау, сондай-ақ округтің тұрмыстық қатты қалдықтарының үш қоқыс үйінділерін үймелеу жүргізілді.
Округтің елді мекендерін санитарлық тазалау тұрақты жүргізіледі. Арамшөптерді шабу жүргізілді. Округтің өндірістік кооперативі мен кәсіпкерлері кентті жинау және санитарлық тазалау кезеңінде ҚТҚ үйіндісіне қоқысты шығаруды жүзеге асырды. Ағаштарды ақтау жүргізілді. Қоғамдық жұмыстарға 79 адам тартылды.
Кентішілік жолдарды қысқы күтіп ұстауды «Аул Су» ЖШС-і бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
«Қазпошта» АҚ Павлодар аудандық пошта байланыс торабы Новоямышево ауылында орналасқан барлық 3 елді мекенге қызмет көрсетеді.
Құқық тәртібі
Ауылдық округтің құқықтық тәртібін учаскелік инспектор Д. Ғ. Қази және Р. Қ. Мусадилов қамтамасыз етті. Тіркелген қылмыстар саны – 6, оның ішінде 4-і ашылды.
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 17 жазбаша өтініш келіп түсті, оның ішінде 17 өтініш толық қанағаттандырылды, 17 өтінішке жазбаша түсініктемелер берілді.
Мемлекеттік қызметтің үш түрі көрсетілді.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінгендердің саны:
- «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» – 33 адам;
- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау» – 9 адам;
– «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 35 адам.
Кеңес ауылдық округінің әкімі А. Бердыханов