7 сайланған Павлодар аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда Павлодар аудандық мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.

Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 18472 азамат енгізіліп, оның 17617-сі немесе 95 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 17617 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 3 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 120 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 Саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы- 13617 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 77,9% - ын;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1371 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,8 % ;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 1314 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,5% ;

«ADAL» саяси партиясы – 979 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,6% құрайды.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды келесідей бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы - 9 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 1 мандат.

 

 

 

   Павлодар аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

7 сайланған Павлодар аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
12 января 2021