Ақпарат

2020 жылғы 20 желтоқсанда Павлодар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Әкімбеков аумақтық комиссия мүшелерімен бірлесіп ауданның учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен семинар-кеңес өткізді,онда 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған ҚР Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары, ҚБТ бойынша тест тапсыру қорытындылары талқыланды.

ҚАИК материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері қозғалды, комиссия мүшелерін жеке қорғаудың барлық қажетті құралдарымен қамтамасыз ету және сайлау учаскелерінде қауіпсіздіктің сенитарлық нормаларын сақтау. Аумақтық комиссия төрағасы ҚИК мүшелерімен сайлау күні бойынша тренингтер өткізуге, олардың сайлаушылармен, сенім білдірілген адамдармен және қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың бақылаушыларымен іс-қимыл алгоритміне назар аударды.

Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мен учаскелік комиссия кураторлары 2021 жылдың 6 қаңтарына дейін өткізілетін семинар-тренингтерді өткізу кестесін семинарға қатысушылар талқылады.

Ақпарат
Дата публикации
21 декабря 2020