Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күнді жариялады

Дауыс беру 2026 жылғы 29 қарашада өтеді. Осыған байланысты Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы сайлау науқанына ұйымдастырушылық дайындық жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу, ұйымдастырушылық міндеттерді айқындау және сайлау комиссияларының қызметін үйлестіру жұмыстары жүргізілуде. Сайлау заңнамасының талаптарын сақтауға, сайлау процесінің барлық кезеңдерінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты ақпараттандыруға ерекше назар аударылатын болады.

Дата публикации
13 октября 2026