Облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасы үш компонентті интеграцияланған жүйенің бірінші моделін ағымдағы жылдың 9 қазанында бірыңғай тізілімге енгізгені туралы хабарлайды. Осы модель туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында орналастырылған http://kgd.gov.kz/ru/content/edinyy-reestr-trehkomponentnyh-integrirovannyh-sistem-1.
Үш компонентті интеграцияланған жүйе (бұдан әрі – ҮКИЖ)-бұл деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮКИЖ қолданудың бірқатар артықшылықтары бар.
Бірінші, салық кезеңіндегі, яғни жарты жылдық кіріс бойынша шегі 24 038 АЕК-тен (66,8 млн.теңге) 94 086 АЕК-ке (261,4 млн. теңге) дейін ұлғайтылды.
Екіншіден, ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін, яғни 83,3 млн.теңгеден 400,5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Алайда, бұл ұлғаю ҮКИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.
Осылайша, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың күнделікті өсуімен де ЖК салықтарды оңтайландыру үшін әртүрлі схемаларды қолданудың қажеті жоқ.
ҮКИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар. Бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.
Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.