Азаматтық бақылау

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторийдің енгізілуіне байланысты азаматтардың мемлекеттік кірістер органдары мен микрокәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қатысуы, бақылау және қадағалау мақсатында жүзеге асырылатын қоғамдық бақылаудың рөлі ұлғаюда.

2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап «Азаматтық бақылау» жобасы, яғни Чек бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға 1 000 теңге мөлшерінде сыйақы төлеу (ұялы телефон теңгерімін толтыру) бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асырылады.

Тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, өзге де құжаттар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар және ӘҚБтК-де көзделген процестік әрекеттердің хаттамалары жауаптылыққа тарту үшін дәлелдемелер болып табылады.

Сондықтан сыйақы сатушының БКМ чегін беруден бас тарту фактісі бейнеде бейнеленгенде, дүкеннің мекенжайы мен атауы, сауда үйінің, базардың атауы (сауда үйіндегі бутиктің нөмірі, базардағы орынның нөмірі) және фискалдық чек бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер көрсетілген жағдайларда ғана төленеді.

Облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасы ҚР барлық азаматтарын БКМ чектерін бермеу жолымен өз кірістерін жасыратын салық төлеушілерге қатысты өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, нөлдік төзімділік танытуға және жобаға белсенді қатысуға шақырады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кіріс органдары пысықтайтын болады.

Бейнематериалдарды, соның ішінде Apple App Store және Google Play market-тен тегін жүктеп алуға болатын "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады.

Шағымдарды жіберген кезде өз тегіңізді, атыңызды, әкесінің атыңызды (бар болса), ЖСН және байланыс телефоныңызды қосымша көрсетіңіз. Бұл деректемелер бұзушылық фактісі расталған және фискалдық чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда сыйақы төлеу үшін қажет.

Фискалды чектерді : http://consumer.oofd.kzсайттан тексеруге болады.

Бұл ретте техникалық талаптарға сәйкес берілген фискалдық чек туралы ақпарат 72 сағат ішінде жіберілуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Сондықтан, фискалдық деректер операторының базасында берілген фискалдық чек табылмаған жағдайда 3 күнге дейін күту және қайта тексеру қажет. Егер 72 сағат өткеннен кейін ақпарат болмаса, онда сіз мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне аласыз.

Азаматтық бақылау
Дата публикации
20 декабря 2020