Фискалдық чектерге қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі-БКМ) қолдана отырып жүргізіледі.

2019 жылдың 13 сәуірінен бастап БКМ чегінде келесі ақпарат болуы тиіс:

1) салық төлеушінің атауы;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) БКМ зауыттық нөмірі;

4) салық органындағы БКМ тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

7) бір бірлігі үшін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы;

8) фискалдық белгі;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың қосылған құн салығы салынатын айналымдары бойынша ставканы көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

14) БКМ пайдалану орнының мекенжайы;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.

9 және 15-тармақшалар деректерді беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды.

Бұл ретте тауарлардың/жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатурасы мен өлшеу сыныптауышы белгіленбегенін ескере отырып жүргізіледі. Фармацевтикалық тауарларды өткізушілерді қоспағанда, салық төлеушілер тауарлардың өзіндік номенклатурасын және олардың өлшем бірліктерін пайдалануға, сондай-ақ дербес немесе БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтары арқылы БКМ-ге жоғарыда көрсетілген талаптарды енгізуге мүмкіндігі бар.

Фармацевтикалық тауарларды өткізетін тұлғалар бекітілген дәрілік заттардың атауларын пайдалануы қажет.

Онлайн-БКМ басып шығарылатын чек нысанының мысалы

1) ЖШС немесе ЖК атауы;

2) ЖСН 123456789101 (12 Сан);

3) ЗНМ (БКМ зауыттық нөмірі көрсетіледі);

4) РНМ 123456789101 (БКМ тіркеу нөмірі 12 сан көрсетіледі);

5) чектің № (чектің реттік нөмірі көрсетіледі);

6) күні мен уақыты 01.01.2020, 10:00;

7) бір бірлігі үшін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы;

8) ФП (цифрлар түрінде фискалдық белгі көрсетіледі);

9) ФДО (Қазақтелеком АҚ немесе Транстелеком АҚ және чекті тексеруге арналған сайт);

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы (Толық атауы көрсетіледі, фармацевтикалық құралдарды өткізген жағдайда бекітілген атауға сәйкес дәрі-дәрмектің атауы көрсетіледі);

11) саны және өлшем бірлігі (сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі);

12) сату сомасы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы);

13) ҚҚС (ставканы көрсете отырып қосылған құн салығының сомасы);

14) Нұр-сұлтан қ., Жеңіс даңғылы 11 (БКМ пайдалану орнының мекенжайы);

15) QR-код (БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код) басылады.

БКМ қолдану кезінде қойылатын талаптарды сақтау салық төлеушінің міндеті болып табылады (Салық кодексінің 13-бабы 3-тармағының 4-тармақшасы).

Фискалдық чектерге қойылатын талаптар
Дата публикации
20 декабря 2020