Павлодар ауданы
2020 жылғы қаңтар-қараша ӘЭД негізгі қорытындысы
1.1 Өнеркәсіп
2020 ж. 01.12.-ге өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3438,6 млн. теңге құрастырды, НКИ – 71,4%.
- тау кең өндіру өнеркәсібінің НКИ – 59,3%. Өндеу өнеркәсібінің НКИ – 64,1%. Электр қуатымен, бу беру және ауаны кондициялау НКИ 92,5% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау НКИ – 138,8%.
1.2. Ауыл шаруашылығы
2020 ж. 01.12.-ге ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 36938,8 млн. теңге құрастырды, НКИ – 103,9%.
2020 жылғы 1 желтоқсанға мал басының саны құрады: ІҚМ – 40,0 мың бас (103,3%), соның ішінде сиыр – 20,3 мың бас (123,0%); жылқы – 10,1 мың бас (103,1%); қой – 32,7 мың бас (100,2%); ешкі – 1,5 мың бас (100,6%); шошқа – 29,9 мың бас (114,7%); құс – 45,4 мың бас (177,6%).
Тірідей салмақта союға өткізілген мал мен құс 14643,5 тонна құрады (102,9%), сауылған сиыр сүті – 47319,7 тонна (103,6%), алынған тауық жұмыртқасы– 3334,3 мың дана (99,2%).
Аудан өнеркәсібі 14 қайта өңдеу объектісінен тұрады. Павлодар ауданы аумағында 13 АӨК әрекет жасайды.
Жер қоры
Аудан жерлерінің жалпы көлемі 584,2 мың. га құрастырады, соның ішінде: - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер – 391,3 мың га;
- елді мекендердің жері – 89,7 мың га;
- өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлер – 5,8 мың га;
- орман қорының жері – 23 мың га;
- су қорының жері – 8,7 мың га;
- босалқы жер – 65,7 мың га.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 01.12.2020 жылға 8105,0 млн. теңгені құрады, немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 223,4%.
Тұрғын үйлерді іске қосу
01.12.2020 жылға пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 4418 ш. м., немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 106,5%.
01.12.2020 ж. негізгі капиталға инвестициялар көлемі 9822,0 млн. теңге құрады, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда НКИ 126,8%.
01.12.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1361, соның ішінде жұмыс істеп тұрған – 1247.
01.12.2020 ж. бөлшек сауда айналымы 4007,15 млн. теңге құрады, немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 92,9%.
2020 жылғы қаңтар-қараша жағдайы бойынша аудандық бюджеттің түзетілген көлемі жалпы 10765,1 млн. теңге құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің салыстырмалы салмағы 91,6% немесе 9860,9 млн. теңгеге тең.
Бюджеттің шығыс бөлігі 98,7% орындалған (есеп кезеңіне жоспарланған 10466,9 млн. теңге, орындалу 10330,5 млн. теңге құрады).
Бюджеттің 4 деңгейі
2020 жылғы қаңтар-қараша жағдайы бойынша Ольгинка ауылы мен ауылдық округтер бюджетінің түзетілген көлемі 1473,3 млн. теңге құрады. Ауылдық округ бюджетіне трансферттер көлемі – 1404,7 млн.теңге, ол бюджеттің жалпы көлемінен 95,3% құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,4% орындалды, жоспарланған – 1402,6 млн. теңге, орындалу – 1394,3 млн. теңге құрады.
6.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 4,2% құрады.
Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар 336 азамат тіркелген (2019 ж. – 154).
2020 жылдың қаңтар–қараша айларында 1357 адам жұмысқа орналастырылды (2019 ж. – 1001).
Қоғамдық жұмыстарға 446 жұмыссыз қатысты (2019 ж. – 192).
6.2 Еңбекақы төлеу
2020 жылдың қаңтар – қыркүйек бойынша бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 150 059 теңге немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 132,0%.
Жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешек жоқ.
Ауданда 59 білім беру нысаны жұмыс істейді, соның ішінде: 26 мектеп, 2 мектеп жанындағы интернат, 1 өнер мектебі, 20 шағын орталық, 9 балабақша, 1 жеке меншік балабақша.
Сондай-ақ «Еrtis» жоғары Инновациялық-аграрлық колледжі жұмыс істейді.
Оқушылар контингенті 4115 адамды құрайды, бірінші сыныпта 421 оқушы.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 98%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды-99%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды – 100 %.
Мектеп алды дайындықпен қамту – 100%.
Ауданның медициналық ұйымдарының желісі ауданның емханасымен, 10 дәрігерлік амбулаториямен, 3 фельдшерлік-акушерлік бекетпен, 15 медициналық пунктпен, ауданның тауарлары мен қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен, 7 дәріханамен, емхана жанындағы дәріхана қоймасымен ұсынылған (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қамтамасыз ету үшін).
Медициналық көмекті 44 дәрігер және 132 орта медициналық қызметкерлер көрсетеді.
Есепті кезеңде туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға 37,3 немесе 9 жағдайды құрады (2019 жылдың ұқсас кезеңінде – 13 жағдай, көрсеткіш – 54,4).
11 ай ішінде онкологиялық аурушаңдықтың алғаш рет анықталған 53 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда 219,7 құрады (2019 жылдың ұқсас кезеңінде – 57 жағдай, көрсеткіш – 238,3).
Аудан аумағы бойынша жалпы ұзындығы 182,5 км республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдары өтеді (Омбы–Павлодар–Майқапшағай (83 км), Павлодар–Успен (54 км), Павлодар–Щербақты (44,5 км), Қызыл Орда-Павлодар (1 км). Аудан аумағы арқылы жалпы ұзындығы 76 км облыстық маңызы бар 2 автожол өтеді (Шақат-Восточное-Шалдай, 0-56 км учаскесі (56 км) және Чернорецк-Ольгино-Успен-Щербақты, 0-20 км учаскесі (20 км). Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 202,1 км құрайды.
2020 жылы қазіргі кезеңге аяқталған автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қаржы қаражат бөлінді:
республикалық бюджет қаражатынан (ЖЖҚК):
- Красноармейка ауылының кіреберісі (5,125 шақырым), 93823,0 мың теңге сомаға шарт жасады. Мердігер ұйым «Дорстрой» ЖШС.
республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан:
- Ефремовка – Луганск аудандық маңызы бар жол 8–12 шақырым (4 шақырым), 76763,4 мың теңге сомаға шарт жасады. Мердігер ұйым «Аза» ЖШС.
- Черноярка-Новочерноярка аудандық маңызы бар жол (2,78 шақырым), 65958,7 мың теңге сомаға шарт жасады. Мердігер ұйым «Аза» ЖШС.
Аудандық бюджет қаражатынан:
- Госплемстанция ауылындағы Школьная көшесі (0,856 шақырым), 20542,2 мың теңге сомаға шарт жасалды. Мердігер ұйым ПКФ «Гордорстрой» ЖШС.
- Мичурин ауылындағы Тәуелсіздік көшесі (1,045 шақырым), шарт 13359,1 мың теңге сомаға жасалды. Мердігер ұйым «ИНЭК Казахстан» ЖШС.
- Набережное ауылындағы Целинная көшесі (0,664 шақырым), шарт 10946,9 мың теңге сомаға жасалды. Мердігер ұйым «ИНЭК Казахстан» ЖШС.
- Розовка ауылындағы кентішілік жолдар (1,869 шақырым), 23199,1 мың теңге сомаға шарт жасалды. Мердігер ұйым «Асфальтобетон» ЖШС.
- Набережное ауылындағы Интернациональная көшесі (0,659 шақырым), 7300,0 мың теңге сомаға шарт жасалды. Мердігер ұйым «Асфальтобетон» ЖШС.
13 ауылдық округтарда 13 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс атқарады, олардың 8 қызметтік автокөлігі бар.
13 қоғамдық құрамалар жұмыс атқарады, олардың ішінде 38 қоғамдық полиция көмекшілері.
Есеп кезеңінде 131 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, соның ішінде 5 – қастықпен өлтіру, 1-қарақшылық, 1 – тонау, 46 – ұрлау, 1 – экономикалық қылмыстар (2019 ж. қаңтар-қараша – 146, соның ішінде 3 – тонау, 90 – ұрлық).
2020 жылғы 1 желтоқсанға Павлодар ауданының аумағында 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 33 зардап шеккен (қаза болғандар 4, жараланғандар 29).
Құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресу бойынша қолданған шаралар нәтижесінде қоғамдық жағдай тұрақты түрде.