Павлодар аудандық мәслихатының 2021 жылғы ______________ «2021 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік колдау шараларын көрсету туралы» № ____ шешімінің жобасына
баспасөз
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Занының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес «2020 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік колдау шараларын көрсету туралы» мәслихат шешімінің жобасын Сіздің назарларыңызға ұсынамыз.
Жобаны іске асыру кезінде «2021 жылға Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады. 2020 жылы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына 47 маманға 188102,0 мың теңгеге бюджеттік кредит, 90 маманға 24608,3 мың теңгеге көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.
2021 жылы 95 маманға, оның ішінде бюджеттік несие түрінде – 43 маманға жалпы сомасы 188146,0 мың теңге және көтерме жәрдемақы түрінде-52 маманға жалпы сомасы 15 168,4 мың теңге қызмет көрсету жоспарлануда.
«2021 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік колдау шараларын көрсету туралы» шешім жобасы 2020 жылғы 15 желтоқсаннан бастап «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.