Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы__________№ ______ «2021-2023 жылдарға арналған Павлодар ауданының ауылдық округтері және Ольгинка ауылының бюджеттері туралы» шешімінің жобасына
Баспасөз
Сіздердің назарларыңызға Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы__________ № ___ «2021-2023 жылдарға арналған Павлодар ауданының ауылдық округтері және Ольгинка ауылының бюджеттері туралы» шешімінің жобасы ұсынылды.
2021-2023 жылдарға арналған кірістерінің түсімдерін болжау Қазақстан Республикасының Салық және бюджет кодекстерінің ережелерін ескере отырып, әлеуметтік - экономикалық даму болжамы негізінде бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылды.
Жоспарлы кезеңге арналған бюджет кірістерінің болжамын қалыптастыру кезінде 2019 жылғы кірістерінің атқарылуы туралы есептің деректері ескерілді, 2020 жылғы қаңтар - қазан айларындағы бюджетерге түсетін түсімдер серпінінің негізінде ағымдағы жыл бойынша түсімдерді бағалау, экономика басқармасымен келісу барысында, бір жолғы түсімдерден алдағы кезеңдегі бюджет шығынының базалық түсімдерінен алып тасталды.
Жалпы, 2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округтер мен ауыл бюджеттері барлық мемлекеттік ұйымдардың тынысөтіршілігн, мемлекеттік функцияларды іске асыруды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмекті қамтамасыз етеді.
«2021-2023 жылдарға арналған Павлодар ауданының ауылдық округтері және Ольгинка ауылының бюджеттері туралы» №____ шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында 2020 жылғы 23 қарашадан бастап орналастырылған.