Ауылдық округ әкімдері аппараттарының халыққа мемлекеттік қызмет көрсету және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы туралы" сұрақ Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды

Аталған мәселе бойынша Павлодар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Әділхан Бауыржанұлы Төкенов хабардар етті.

Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында, сондай-ақ аудан бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары (Заң кабинеті) жұмыс істейді.

2026 жылдың 1 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында (Құқық кабинеті) 619 қызмет көрсетілді. Ең көп мемлекеттік қызметтерді Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты (125), Мичурин ауылдық округі (111), ең аз қыызметтер Заря ауылдық округі (5) және Григорьевка ссельского округі (6) әкімдерінің аппараттары көрсетті.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын (Құқық кабинеті) халық арасында танымал ету бойынша жұмыс тұрақты негізде ауданның мемлекеттік органдарына баратындардың барлығымен ақпараттық-түсіндіру әңгімелесулері, Instagram әлеуметтік желісінде брошюралар мен жарияланымдар тарата отырып түсіндіру іс-шаралары арқылы жүргізіледі. 

Есепті кезеңде интернет-байланыста проблемалар болған жоқ. Қызмет берушілер үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының (құқық кабинеті) үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Компьютерлік техника, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін интернет желісіне еркін қол жеткізу толық көлемде ұсынылған.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Т. Баткеев бұған дейін Қоғамдық кеңестің отырысында 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерін талқылау кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету, атап айтқанда, қандастармен құжаттарды ресімдеу бойынша көптеген мәселелер болғанын, үрдіс кешіктірілетінін, бұл олардың медициналық қызметтерді уақтылы алмауына, балаларды мектепке ресімдеу кезіндегі қиындықтарға әсер ететінін, мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа біріктіру  керегін атап өтті.

Мәселені талқылауға "Павлодар ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" КЕАҚ бастығы С. С. Қажығалиева қатысты, ол мемлекеттік қызмет көрсетуге, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысына жауапты ауылдық округ әкімдері аппараттары мамандарының сұрақтарына жауап берді. 

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ұсынымдар қабылдады, олар мүдделі органдарға жолданады.

Дата публикации
26 мая 2026