Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 71/315 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына баcпасөз-релизі

Павлодар аудандық мәслихатының

 2020 жылғы 15 мамырдағы  «Әлеуметтік көмек көрсетудің,

оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы

 мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»

 № 71/315 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

шешім жобасына

баcпасөз-релизі

 

 

          Осы шешімнің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының                             2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді», Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы                                                № 137/3 «Павлодар облысының қалалары мен аудандарының жергілікті өкілді органдарына алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін келісу туралы» қаулысы.

          Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Павлодар ауданында алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда қыркүйектің екінші жексенбісі атап өтілетін Отбасы күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Әлеуметтік төлем бір рет, жыл сайын жүргізіледі. Осы іс-шара бойынша қаржылық шығындар 3685,0 мың теңгені құрайды.

          Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы                       8 қыркүйектегі № 554 қаулысымен «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізілді:

          10-тармақта 2) тармақша алынып тасталсын;

          11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «11. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».

          Жобаны қабылдау шешім теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы 2020 жылғы 8 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

Жоба

 

 

 

Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 71/315

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің,                      оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»                      № 504 қаулысына,  Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы  «Павлодар облысы қалалары мен аудандарының жергілікті өкілетті органдарына алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер                    мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін келісу туралы»                              № 137/3 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты                                ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 71/315 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6847 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

         1-тарауда 4-тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

         «8) қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні.»;

         2-тарауда:

         5-тармақ келесі мазмұндағы 7-6) тармақшамен толықтырылсын:

         «7-6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;»;

         6-тармақ келесі мазмұндағы 1-8) тармақшамен толықтырылсын:

          «1-8) Отбасы күніне уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың                      7-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін;»;

          3-тарауда:

          10-тармақта 2) тармақша алынып тасталсын;

          11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «11. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        

Лауазымы

 

     Аты-жөні

 

 

Дата публикации
08 декабря 2020