ҚазақстаРеспубликасының 2007 жылғы 7 маусымдағы № 259 Заңымен ратификацияланғанТұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы тараптарының 12-ші конференциясында қабылданған өндіруге және әкелуге тыйым салынған химиялық заттардың тізбесіне (А-қосымшасы) хлорпирифостың енгізілуі туралы тұрақты органикалық ластағыштардық арау бойынша Комитеттің шешіміне сәйкес, 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтуралы шарттың 56 және 57-баптарын және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
38-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Агро өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұданәрі – Комитет, ҚР АШМ АӨ КМИК):
1) құрамында хлорпирифос бар пестицидтер мен инсектицидтерді мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұрсын;
2) пестицидтің әсерететін заты мен препаративтік түрін токсикологиялық-гигиеналық бағалау бойынша келісулер мен қорытындыларды беруді тоқтата тұрсын;
3) ҚР АШМ АӨ КМИК-ы құрамында хлорпирифос бар пестицидтер қалдықтарына тексеру жүргізсін;
4) 2026 жылғы 17 желтоқсаннан бастап:
- пестицидтің әсерететін заты мен препараттық түрін токсикологиялық-гигиеналық бағалау бойынша бұрын берілген келісулер мен қорытындылар кері қайтарып алынсын;
- ҚР АШМ АӨ КМИК-ы бұрын берген құрамынд хлорпирифос бар пестицидтерді тіркеу туралы куәліктер және Комитеттің берген құрамында хлорпирифос бар инсектицидтерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер кері қайтарыпа лынсын.
3.Комитеттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау басқармасы:
1) осы қаулыны Комитеттің ресмисайтында жариялауды;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының назарына жеткізуді;
3) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша санитариялық шара енгізілгені туралы ақпаратты мүше мемлекеттердің уәкіл етті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді қамтамасыз етсін.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5.Осы қаулы Комитеттің ресми сайтында жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді, осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасы 2026 жылғы 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттіксанитариялықдәрігері С. Бейсенова