Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы__________№ ______ «2021-2023 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджет туралы» шешімінің жобасына
Баспасөз
Сіздердің назарларыңызға Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы__________ № _ _ _ «2021-2023 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджет туралы» шешімінің жобасы ұсынылды.
2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет кірістерінің түсімдерін болжау Қазақстан Республикасының Салық және бюджет кодекстерінің ережелерін ескере отырып, әлеуметтік - экономикалық даму болжамы негізінде бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылды.
Жоспарлы кезеңге арналған бюджет кірістерінің болжамын қалыптастыру кезінде 2019 жылғы аудандық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы есептің деректері ескерілді, 2020 жылғы қаңтар - қазан айларындағы бюджетке түсетін түсімдер серпінінің негізінде ағымдағы жыл бойынша түсімдерді бағалау, экономика басқармасымен келісу барысында, бір жолғы түсімдерден алдағы кезеңдегі бюджет шығынының базалық түсімдерінен алып тасталды.
Жалпы, 2021 жылға арналған Павлодар аудандық бюджет келесі көлемде ұсынылды:
1) кірістер – 5 926 325 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 903 079 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 884 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 400 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 008 962 мың теңге;
2) шығындар – 5 926 325 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 164 475 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 210 024 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 45 549 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 164 475 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 164 475 мың теңге.
«2021-2023 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджет туралы» №____ шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында 2020 жылғы 18 қарашадан бастап орналастырылған.