Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3тармағымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты : ШЕШТІ
1. 2024-2026 жылдарға арналған Ефремовка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 90 827 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 4 835 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 320 мың теңге; трансферттер түсімі – 85 672 мың теңге;
2) шығындар – 90 827 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – нөлге тең.
2. Ефремовка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін 2024 жылға арналған субвенция көлемі 29 266 мың теңгеде ескерілсін.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев