Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
мемлекеттік қызметтер

«Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ келесі мемлекеттік қызметтердің түрлері көрсетіледі:

  • "Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар). Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

  •    "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"

     Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні.

 

  • "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;

    порталға:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.

 

  • "Кент ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"                                           Қажетті құжаттардың тізбесі 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында кенттің ауылдың жерінен жер учаскесін беруге өтініш 2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі                                   Екінші кезең түпкілікті келісілген таңдау актісі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі бірінші кезең ситуациялық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін сәулетжоспарлау тапсырмасын дайындау - 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде Екінші кезең түпкілікті таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жеркадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жеркадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде
  •  "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту"                                               Қажетті құжаттар тізбесі 1) нысан бойынша жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартуға өтініш ; 2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу)құқығына акт не жеркадастрлық жоспар); 3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттың көшірмесі (егер шарт туралы ақпарат Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады);                                 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні
  •  "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"

     Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:

1) нысанға бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);

    порталға: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.

     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 12 (он екі) жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары):

1) көрсетілетін қызметті беруші ( «Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ);

2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат әкімдік ғимаратындағы ақпараттық стендіде орналастырылған. Ефремовка ауылдық округ әкімдігіне жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың түпнұсқаларын (сәйкестендіру үшін) және көшірмелерін ұсынады.

     Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Документы
Басқа
27 января 2026
"Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі
Хаттама
27 января 2026
Павлодар облысы Павлодар ауданы Ефремовка ауылы әкімінің аппараты
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің есебін жария талқылауды өткізу туралы
Хаттама
11 марта 2025
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің есебін жария талқылауды өткізу туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы