GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
26 марта 2026
Бас прокуратура жүргізушілер мен азаматтарға ескертеді!
15 декабря 2025
Абайлаңыз алаяқтар!
15 декабря 2025
Дроппер
Мемлекеттік қызметтер
30 июля 2025
ЖИ – «Цифрлық көмекші» чат-бот

ЖИ – «Цифрлық көмекші» чат-ботын іске қосу бойынша:

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде (АҚЖ) кез келген құқықтық сұраққа онлайн режимде жауап алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі «Цифрлық көмекші» чат-боты іске қосылды. Сонымен қатар, «Әділет» АҚЖ-не енгізілген бұл чат-бот қойылған сұрақтар бойынша заңнамалық актілердің нормаларына сілтеме береді.

«Әділет» АҚЖ-не кіру үшін интернет қажет. Бұл қосымша интернетке қосылған кез келген ұялы телефон немесе компьютер құрылғысы арқылы қолжетімді.

Чат-ботты пайдалану үшін adilet.zan.kz ресми порталына өтіп, басты бетте төменгі сол жақ бұрыштағы чат боты белгішесін басу керек.

Ашылған терезеде Сізді қызықтыратын сұрақты енгізіңіз. Жауап автоматты түрде беріледі, қажет болған жағдайда чат бот нақтырақ ақпарат беру үшін сұрақты нақтылауды ұсынады.

Қызмет тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз қолжетімді, тіркеуді қажет етпейді және толығымен тегін.

«Цифрлық көмекші» азаматтарға кез келген құқықтық сұрақ бойынша жедел әрі қолжетімді заңгерлік кеңес бере алады.

Осыған қоса, халықты заң көмегін онлайн түрде алу және көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық жүйе – «E-Zan Komegi» туралы хабардар ету бойынша Әділет департаменті жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

«E-Zan Komegi» ақпараттық жүйесі қазіргі уақытта Android жүйесінде iOCu қосымшасы арқылы қолжетімді. Бұл кез келген пайдаланушыға өмірлік жағдайларды шешу үшін заңгерлік қауымдастыққа жүгінуге мүмкіндік береді.

Аталған жүйе азаматтардың адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мен жеңілдетуге бағытталған.

Сондай-ақ, портал аясында азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңес беретін құқықтық ақпарат қызметінің операторларымен «Бейнеқоңырау» функциясы іске қосылған.

Жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көмекшіні енгізу мен пайдалану – ел азаматтарына заң көмегінің қолжетімділігін арттырып, құқықтық қызметтерді автоматтандыруды көздейтін Digital Justice (Цифрлық әділет) бастамасының бір бөлігі болып табылады.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
19 февраля 2024
Жастар тәжірибесіне шақырамыз!
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
13 февраля 2024
Халықтың осал топтарына арналған мемлекеттік гранттар
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
13 февраля 2024
35 жасқа дейінгі жастарға несие беру
13 февраля 2024
Павлодар облысының кадрлық комиссиясы Павлодар облысының өнерлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімі болуы;
  • үшжылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2024 жылғы    1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: pavlodar@onir.pkrezerv.gov.kz, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы,5 а, 4 қабат, 410 кабинет.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттарда онлайн-платформада(onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында pavlodar.onir.rezerv.kz және келесі телефоны арқылы: 8 (7182) 20-83-35 алуға болады.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
13 февраля 2024
2024 жылы МӘМС кім және қанша төлейді?

2024 жылдың қаңтарынан бастап Бірыңғай жиынтық төлем болмайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар өзін-өзі сақтандыруды келесі жолдармен жүзеге асыра алады:

-жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жеке кәсіпкер ретінде жарна төлеу және төлеу

-өздігінен төлеуші ​​ретінде жарна төлеу

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы