Ауылдық округтің мәдениет саласын Богдановка және Аққұдық ауылдарының екі ауылдық клубы, «Луганск» ӨК Мәдениет үйі, үш ауылдық кітапханашы ұсынады. Мәдениет саласында мынадай жұмыстар жүргізіледі:
- ұжымдар, оқу орындары арасында көркемөнерпаздар байқауларын өткізу, ардагерлерге құрмет көрсетуге арналған тақырыптық және мәдени іс-шаралар өткізу, олардың пікірлері мен ұсыныстарын есепке алу негізінде халықтың, жастардың шығармашылық, рухани, зияткерлік және дене бітімінің дамуы, ұрпақтар сабақтастығы үшін жағдайлар жасау;
- халықтардың көркемөнерпаздар, көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту;
- тарих ескерткіштерінің тиісті түрін қолдау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
- тілдік орта құру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу, мемлекеттік тілді зерделеу жөніндегі жаңа әдістемені және компьютерлік бағдарламаларды мемлекеттік органдарда тарату, ағартуды, мәдениетті дамытуға жәрдемдесу, өскелең ұрпақты әлемдік құндылықтарды құрметтеу және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;
- мемлекеттік және ұлттық мерекелерге іргелес жатқан аумақтар мен ғимараттардың қасбеттерін мерекелік безендіру.
Ауылдық округі кітапханаларының мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары
- Пайдаланушыларға жоғары мәдениетті қызмет көрсету, сұраныстары мен мүддесіне сәйкес деректерді іздестіру мен табуда кеңестік көмек беру.
- Пайдаланушыларға өз білімдерін жетілдіру барысында, жеке тұлға қалыптасуда, шығармашылық деңгейлерін көтеруде көмек беру
- Пайдаланушылардың ақпараттық, және оқу мәдениетін қалыптастыру
- Халық арасында кітап пен оқуды насихаттау және оқу белсенділігін арттыру.
Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Ауылдық округте еркін күрес, дзюдо, қазақша күрес, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, теннис бойынша жаттығулар, сондай-ақ шахмат және тоғыз құмалақ бойынша сабақтар өткізіледі.