АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
"Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімүлік және жекешелендіру коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша www. gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2025 жылғы 11 наурыз Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00.
Сауда-саттық бағасын көтеру әдісімен аукционға 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі 710 AJ 14, ГАЗ 53 маркалы автокөлігі қойылады. Бастапқы (алғашқы) құны –30 000 теңге. Кепілдік жарна –4 500 теңге.
Теңгерім ұстаушы: "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Новоямышев ауылы, Д. Кунаев көшесі, 4;
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН:050540004455; КНП: 857; Кбе:16;
АО "Народный банк Казахстана" есеп-айырысу шоты (IBAN/ИИК): KZ226018871000394291;БСК:HSBKKZKX;.
Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционды өткізу тәртібі:
1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі Қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Аукционды өткізу туралы қосымша ақпаратпен мына сайттан танысуға болады: www.gosreestr.kz, Мекен-жайы: Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Новоямышев ауылы, Д. Қонаев көшесі, 4, каб. № 1 немесе келесі телефондар бойынша:
"Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 8 (71845) 51325.