Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
мемлекеттік қызметтер

«Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ келесі мемлекеттік қызметтердің түрлері көрсетіледі:

  • "Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар). Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

  •    "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"

     Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні.

 

  • "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;

    порталға:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.

 

  •  "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру"

     Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі. Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

 

  •  "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"

     Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:

1) нысанға бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);

    порталға: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.

     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 12 (он екі) жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары):

1) көрсетілетін қызметті беруші ( «Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ);

2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат әкімдік ғимаратындағы ақпараттық стендіде орналастырылған. Григорьевка ауылдық округ әкімдігіне жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың түпнұсқаларын (сәйкестендіру үшін) және көшірмелерін ұсынады.

     Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Документы
Хаттама
03 апреля 2024
Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты
2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің есебін жария талқылауды өткізу туралы хаттама
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы