GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Contacts
Все материалы
28 сентября 2026
2026 жылдың 28 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық көптілділік олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

2026 жылдың 28 қыркүйек күні  9-11 сынып оқушылары арасында облыстық көптілділік олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

        Олимпиаданың  негізгі мақсаты- мектептегі көптілді үздіксіз білім  беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың  үш тілде коммуникативтік дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту, әлем бейнесін үш тілде түсінуде оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру.

        Олимпиаданың  қорытындысы бойынша:

       ІІ дәрежелі дипломға  Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Қайролла Томирис ие болды.

       ІІІ дәрежелі дипломмен  № 1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ален Інжу, 10- сынып оқушысы Амангелді  Аружан марапатталды.

 

21 сентября 2026
«Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауының аудандық кезеңі

2026 жылдың 21 қыркүйек күні  8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауының аудандық кезеңі  өткізілді.

        Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың табиғатка қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялык іс-шараларды өткізудің маңыздылығын тусінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар аудару болып табылады.

         Байқау үш бағыт бойынша өтті. Елім мен туған жерімдегі табиғатты қорғау: мәселелер мен шешу жолдары;

Жасыл аймактардың табиғат пен адамдар өміріндегі маңызы;

Экологиялық қауіпсіздік адам мен қоғам денсаулығының негізі ретінде.

        Байқаудың қорытындысы бойынша: І дәрежелі дипломмен Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Трайспаева Саида, Ольгинка жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Трофимова Лилия,   № 1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Ерболат Рахымжан марапатталды.

       ІІ дәрежелі дипломға  № 1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ален Інжу, Черноярка жалпы орта білім беру мектебінің 10 -сынып оқушылары Шокурова Дарья мен Архипова Амина ие болды.

       ІІІ дәрежелі дипломмен  Пресное жалпы орта білім беру мектебінің 9 -сынып оқушылары Детушева Дарья мен Избулатова Ильсия, Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып  оқушысы Сәбит Әйгерім марапатталды.

 

 

 

 

 

05 августа 2026
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

 1 ТАМЫЗДАН БАСТАП «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ!

Әрбір бала бақытты болып, сапалы білім алуға лайық!

Павлодар ауданының білім бөлімі барша тұрғындарды, кәсіпкерлерді, мекемелерді және бейжай қарамайтын азаматтарды дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады.

🗓 Акцияның өткізілу мерзімі:
2026 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығы.

🎯 Акцияның мақсаты – көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету.

Сіз қалай көмектесе аласыз?

🎒 мектеп сөмкелері мен рюкзактар;
👟 аяқ киім;
🧥 мектеп және спорт киімдері;
✏️ кеңсе тауарлары мен оқу құралдары;
❤️ ақшалай көмек.

📍 Көмек қабылдау мекенжайы:
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
Павлодар ауданының білім бөлімі.

Нақты бір балаға атаулы көмек көрсетуге де болады.

📞 Акцияға қатысу мәселелері бойынша:
☎️ 619480
📱 8 777 612 65 15

05 августа 2026
Жалпыға бірдей білім беру қоры аясындағы қаржылай көмек- 2026
Фото профиля bilim_pavlodar_audany
 
 
 
 
Павлодар облысында 10 мыңнан астам бала мектепке дайындыққа көмек алады

2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі.

2026–2027 оқу жылы қарсаңында 10 мыңнан астам балаға қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 600 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бір балаға берілетін көмектің мөлшері – 62 534 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ға жоғары.

Материалдық көмек жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардың балаларына, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көрсетіледі.

Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер білім беру ұйымына жүгініп, тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.
 

 

11 июня 2026
Үздік педагог - 2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 2 маусымдағы № 157 бұйрығына сәйкес “Үздік педагог” конкурсының I кезеңі ағымдағы жылғы шілдеде өткізіледі, онда ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады. «Үздік педагог» атағын беру қағидалары бойынша құжаттар қабылданады.

22 мая 2026
Павлодар ауданның барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын

Павлодар ауданның барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл 4247 оқушы оқу жылын аяқтайды, оның ішінде 565-сі 9 және 11 сынып түлектері.
Оқу жылының қорытындысы 11 сынып түлектерінің арасында 9 оқушы үздік аттестатқа, ал 11 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болып отыр. Бүгінде ауданның білім беру ұйымдарында 771 педагог еңбек етеді.
Оқу жылының аяқталуына байланысты 25 мамыр күні ауданның барлық мектептерінде «Білімім — Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Сынып сағаттары барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, оқушылардың жетістіктері мен мектеп өміріндегі жарқын оқиғалар атап өтіледі. Сонымен қатар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына, білім мен ғылымға құрметті арттыруға, Халықтық Конституцияда айқындалған маңызды стратегиялық бағыттардың бірі ретінде инновациялық ойлауды дамытуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар оқушыларға жазғы демалыс кезеңіне арналған әдебиеттер мен фильмдердің ұсынымдық тізімдері ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс орындарында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады.
Салтанатты іс-шараларды өткізуге байланысты ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан ақша жинауға, сондай-ақ сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтарды талап етуге жол берілмейді. Аттестаттарды тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.
@aigerim_erkenovna
@bilim_basqarmasy

17 апреля 2026
Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесін әзірлеу жұмысын жалғастырып жатыр

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесін әзірлеу жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта құжаттың жобасы талқылау және келісу кезеңінде.

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан материалдар ресми бекітілген құжат болып табылмайды және ереженің соңғы редакциясы емес.

Дүйсенбі күні аталған мәселе бойынша ресми брифинг өткізіліп, құжат жобасына қатысты жан-жақты түсіндірме беріледі. Брифингтен кейін жоба кеңінен қоғамдық және азаматтық қоғам өкілдерінің талқылауына ұсынылады.

Педагогтер қауымдастығының, сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстары Министрлік үшін маңызды. Ашық әрі мазмұнды талқылау нәтижесінде тиімді және әділетті жүйе қалыптастыру көзделеді.

13 апреля 2026
Білім беру ұйымдарында Балалар әдебиеті онкүндігі өтуде

Еліміздің білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл шара шеңберінде білім беру ұйымдарында балалар әдебиеті онкүндігі басталды.

Ауқымды мәдени-ағартушылық бастама оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, ғылыми-танымдық және көркем әдебиет арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Онкүндік аясында мектептерде кітап көрмелері, әдеби кездесулер, ертегі оқу сағаттары, шығармашылық байқаулар, пікірталастар және отбасылық оқу мәдениетін насихаттайтын түрлі форматтағы тәрбиелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар бастама мектеп кітапханасының білім беру үдерісіндегі рөлін арттыруға, кітапханашылар, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Жоба аясындағы іс-шараларға 1–11 сынып оқушылары, мектеп кітапханашылары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысуда.

Айта кетейік, аталған онкүндік балалар әдебиетінің үздік үлгілерін кеңінен насихаттауға, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық ойлауын дамытуға, сондай-ақ отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық бастама болмақ.

08 апреля 2026
Оқу-ағарту министрлігі халықаралық ұйыммен ынтымақтастық туралы талқылады

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы әрі Қазақстандағы Елдік кеңсе өкілі Джерен Гювен Гюрэспен ресми кездесу өткізді. Басқосуға «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Қазақстандағы бағдарламалар басшысы Дина Амришева да қатысты. Тараптар білім беру саласындағы іргелі реформаларды және бала құқықтарын қорғау тақырыбын талқылады.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының нәтижелері туралы айтылды. Бүгінгі таңда елімізде 217 заманауи мектеп пайдалануға берілсе, оның 84-і ауылдық жерлерде бой көтерген. Министр бұл қадам ауыл мен қала арасындағы білім сапасының теңсіздігін жоюға және шалғай елді мекендерде халықаралық стандарттарға сай білім ошақтарының салынуына мүмкіндік бергенін айта келе, оқушылардың білім алу мүмкіндігін теңестіру - еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті.

Білім саласындағы кадрлық әлеуеттің дамуына тоқталған Жұлдыз Сүлейменова: «Бүгінде елімізде педагогтердің 81 пайызы -әйелдер. TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің қорытындылары отандық білім беру саласындағы оң нәтижелерді көрсетті. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған іргелі реформалардың арқасында мұғалімдердің 95 пайызы өз жұмысына көңілі толатынын, ал 80 пайызы кәсіби таңдау мүмкіндігі қайта берілсе, тағы да осы мамандықты таңдайтынын білдірген. Бұл көрсеткіштер мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған Президенттің іргелі реформаларының тиімділігін көрсетеді», - деді.

Балалардың құқықтық сауаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік 10 маңызды заңды ілгерілетті. Атап айтқанда, зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» принципі енгізіліп, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді. 2025 жылғы заңнамалық жаңартулар аясында қорғаншылық талаптар күшейіп, бала құқықтарын қорғау бойынша өңірлік органдардың функциялары кеңейтілді және мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері бекітілді.

Өз кезегінде Джерен Гювен Гюрэс Қазақстанның гендерлік саясат пен білім берудегі жетістіктерін жоғары бағалап, Министрлікті бірнеше бағыт бойынша серіктестікті нығайтуға шақырды. Кездесу соңында Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының әйелдер қауымын қолдауға бағытталған саясатының маңыздылығын атап өтіп, мәртебелі мейманға Қазақстанның cаясаттағы әйелдері туралы кітапты тарту етті.

07 апреля 2026
BALABAQSHA АЖ енгізу
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы