Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңіріміздегі халыққа қызмет көрсету нысандарына мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Бұл ретте аталған бағыттағы жұмыс 2026 жылғы 15 қазанда «Павлодарэнерго» АҚ-да жалғасын тапты. «Мемлекеттік тіл – сапалы қызмет кепілі» тақырыбында өткен кездесуде «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-ның халықпен жұмыс істейтін қызметкерлері де қатысты.
Аталған кездесуде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қ. Алтаев, ономастика жұмыстары және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Қайыр және бөлім маманы Қ. Сәкенова Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заңнамалардағы тіл мәселесіне қатысты енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Шара барысында мемлекеттік тілде іс жүргізу, жеке азаматтарға қызмет көрсетумен қатар көрнекі ақпаратты орналастыру талаптары мен тәртіптері, сондай-ақ оны сақтамаған жағдайда қолданылатын әкімшілік жазалар жайында ақпарат берілді. Сонымен қатар кездесу кезінде мекемедегі жұмыста қолдану үшін тіл мәселесіне қатысты заң талаптары түсіндірілген әдістемелік құрал табысталып, қатысушыларға жадынамалар таратылды.
Мәжіліс барысында «Павлодарэнерго» АҚ-ы мен «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-ның кызметкерлері тіл саясатына қатысты өз ойларын ортаға салып, шараны ұйымдастырушы тараппен іс жүргізу мәселелері бойынша пікір алмасты.
2026 жылғы 8 қазан Торайғыров университетінде Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – достық құралы!» атты облыстық тілдер фестивалі өтті.
Тілдер фестивалінің басты мақсаты еліміздегі тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдері мен мәдениетін құрметтеу болып табылады.
Ана сүті арқылы бойға дарыған тіл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, байланыс құралы ғана емес, тарихымыздың ажырамас бөлігі, діліміздің тірегі, мәдениет пен әдебиеттің биік тұғыры болып саналады. Осы орайда өңірімізде тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстарды мәдени-рухани қолдау бағытындағы игі шара жыл сайын өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйек аралығы облыс бойынша «Тілдер айлығы» деп жарияланды. Осы уақыт аралығында облыстың қалалары мен аудандарында елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тілін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 200-ден астам іс-шара, сондай-ақ тілдерді насихаттауға арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар мен конференциялар ұйымдастырылды.
Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі еліміздің барлық этностары үшін дәстүрге айналды, оның негізінде бүкіл адамзаттың рухани мұрасы мен идеясы жатыр, ал әрбір этномәдениет әлемдік өркениетке баға жетпес аманат. Қазақстанда тілдерді сақтау мен дамыту – қазақстандық қоғамның тұрақтылығына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Фестиваль барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосқан облыстың бірқатар азаматтары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Алғысхаттарымен және Павлодар облысы әкімі орынбасарының алғысхаттарымен марапатталды.
Аталған іс-шараға этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, өңіріміздің тіл жанашырлары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, мекеме және ұйым басшылары, қала, аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, барлығы 300-ге жуық адам қатысты.
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыруға, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды ынталандыру мақсатында ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте «Тіл жанашыры – 2026» облыстық конкурсының марапаттау рәсімі өткізілді.
Аталған конкурстың ережесіне сәйкес қоғамның түрлі саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған оқыту бағдарламалары мен авторлық жобалардың, ғылыми жұмыстардың авторлары, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосып жүрген облысымыздың өңірлерінен тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.
Қатысушылардан түскен материалдар мен құжаттарды тіл ғалымдары мен тілшілерден тұратын қазылар алқасының құрамы қарастырып, талдап, номинация иелерін анықтады.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға үлес қосқан Баянауыл ауданының «Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сейсенбек Мұсабек Сейсенбекұлы «Тіл жанашыры» номинациясымен, Екібастұз қаласының №35 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кожамбердина Виктория Николаевна «Тіл майталманы» номинациясымен және «Ертіс медиа» ЖШС-нің Aiqara.kz ақпараттық порталының шеф-редакторы, ақын Оралқанов Айбек Тілеубекұлы «Тіл жаршысы» номинациясымен марапатталды.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
5-қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы мерекеге орай Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) бастамасымен облыс бойынша «Тілдер айлығы» жарияланды.
Аталған тілдер айлығы ағымдағы жылғы 4 қыркүйекте Басқарманың ұйымдастыруымен өзге этнос өкілдері арасындағы «Мен қазақша сөйлеймін!» атты облыстық конкурсымен ашылды.
Бұл конкурс өңірімізде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, қолдану аясын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерін ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді.
Аталған шарада облысымыздың қала, аудандарынан 18 жастан асқан үміткерлер өз бақтарын сынады. Конкурсқа жалпы 19 өтінім қабылданып, қазылар алқасының шешімімен 13 қатысушы конкурс ережесінің талаптарына сәйкес іріктелді.
Ережеге сәйкес қатысушылар бейнероликте өздерін таныстырып, қазақ тілін қашан және қалай меңгергендігі жайлы айтты. Сонымен қатар бейнеролик барысында қазақ халқынан шыққан танымал ақындардың өлеңдерінен үзіндіні жатқа айтып, өнерлерін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Баянауыл ауданының үміткері Москвитина Аделина Олеговна иеленсе, II орынды Павлодар қаласының қатысушысы Симакина Нина Сергеевна жеңіп алды және III орынға да Павлодар қаласының үміткері Шевчук Кристина Романовна лайықты деп танылды.
Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар аталған айлық шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тілін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 200-ден астам іс-шара, сондай-ақ тілдерді насихаттауға арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар мен конференциялар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Павлодарда ағымдағы жылдың 24 тамызында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Жағдаяттық қазақ тілі курсы» атты бағдарламасы бойынша қазақ тіліне оқыту курсының 2 кезеңі басталды.
Курстың мақсаты – жеке азаматты тілдік ортаға бейімдеу арқылы кешенді тәсіл негізінде қазақ тілінде қарым-қатынас жасаудың жағдаяттық процесі бар нақты тілдік ортаның жайлы аймағын құру болып табылады.
Аталған курс қазақ тілін үйренушілер үшін қолайлы тілдік орта құруға, әлеуметтену деңгейін және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын арттыруға, қазақ тілінің тілдік брендін дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар тыңдаушылар әр ауқымдағы тапсырмаларды орындау арқылы ақпараттық технология негізін толық пайдалану мүмкіндігіне жол ашады. Тіл үйренуші баспа күйіндегі немесе QR код арқылы тапсырмаларды орындай алады.
Аталған «Жағдаяттық қазақ тілі» курсына 45 тыңдаушы қатысуда. Сабақтар аптасына бес рет, екі ай бойы өткізіледі. Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 5 тамызда «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты облыстық конкурсының марапаттау рәсімі өткізілді.
Бұл конкурсты ұйымдастырудың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытып жүрген азаматтарды қолдау және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандардың жауапкершілігін арттыру болды.
Аталған конкурсқа өңіріміздің белсенді азаматтары, тіл жанашырлары және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандар қатысты. Конкурсқа қатысушылар тарапынан ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін 500-ден астам деректемелер мен көрнекілер бойынша ақпараттар ұсынылды. Қатысушылардан түскен материалдар мен құжаттарды тіл ғалымдары мен тілшілерден тұратын қазылар алқасының құрамы зерделеп, конкурс ережесіне сәйкес келетін 13 жұмыс іріктеліп алынды.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша І орынға Нургалиева Замзагүл (Павлодар қ.), ІІ орынға Ибрагимов Сакен (Успен а.), ІІІ орынға Касымова Камила (Павлодар қ.) лайықты деп танылды.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Ағымдағы жылғы 31 шілдеде Торайғыров университетінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, халыққа қызмет көрсету салаларының қызметшілерін ынталандыру мақсатында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» атты облыстық конкурсы өтті.
Байқауға қатысқан үмiткерлердiң өнерiн сарапқа салып, әдiл бағасын беретiн қазылар алқасының құрамына: Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы, PhD докторы, қауымдастырылған профессоры, қазылар алқасының төрағасы Ж.Сағынтаева, «Ертіс медиа» ЖШС-нің директорының орынбасары, қазылар алқасының мүшесі Р.Сыбанжанова, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың басшысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, қазылар алқасының мүшесі А.Хонж шақырылды.
Конкурсқа қызмет көрсету саласының өкілдерінен құралған 5 команда қатысты. Олар конкурс барысында түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде өздерінің әртістік, тапқырлық қабілеттерін, сонымен қатар кәсіби терминдерді мемлекеттік тілге аудару қабілеттерін көрсетіп, ситуациялық жағдайдан шығуда шығармашылық шеберліктерін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар шешімімен І орынға «Евро Дент» командасы («Evro Dental clinic» тіс емханасы), ІІ орынға «Qazpost» командасы («Қазпошта» АҚ) және ІІІ орынға «Жарықшылар» командасы (Павлодар Электржелiстiк тарату компаниясы) лайықты деп танылды.
Сонымен қатар «Отбасы банкі» («Отбасы банкі» АҚ) және «Шаңырақ» командасы (“ПарасатPro” типографиясы) аталған байқауға белсенді қатысқандары үшін арнайы номинацияларға ие болды.
«Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» конкурсының барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ағымдағы жылғы 14 шілдеде облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен этнос жастары арасында облыстық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты конкурсы өтті.
Аталған конкурс мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, сондай-ақ жастар арасында тіл мәдениетінің деңгейін, қолданылуын арттыру мен жастардың мәдени, рухани дамуына үлес қосу мақсатында өткізілді.
Конкурс ереже талаптарына сәйкес 4-кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетті, екінші кезеңде ұсынылған мақал-мәтелді жалғастырды, үшінші кезеңде отан, туған жер, салт-дәстүр, белгілі тұлғалар тақырыптарында ойларын жеткізді, ал төртінші кезеңде берілген сұрақтарға жауап берді.
Байқау нәтижесі бойынша III орынға Май ауданының үміткері Чаймарданова Аида, II орынды Тереңкөл ауданының үміткері Мендрышора Дания иеленсе, жүзден жүйірік атанып, Республикалық байқауға жолдамаға және I орынға Шарбақты ауданының үміткері Бекк Альвина ие болды.
Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
2026 жылдың 27 маусымында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында өтіп жатқан «Тіл керуені» жобасының қатысушылары және Басқарманың бас мамандары Абай облысына сапарлады.
Шараның мақсаты – тіл-мәдениет-туризм сызбасы бойынша тілдік ортаға ену үшін кешенді тәсіл негізінде шынайы тілдік ортаға жағдай туғызу және тілді оқыту бойынша тәжірибе алмасу.
Сапар барысында Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда олар Абай Құнанбаевтың өмір жолымен кеңінен танысып қана қоймай, сондай-ақ қазақтың қолөнер бұйымдарын жайлы көп мағлұмат алды. Ал Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде тыңдаушыларға әлемдік, ресейлік және қазақстандық суретшілердің қылқаламынан туған туындылар таныстырылды.
Сапар соңында тіл үйренушілер Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының және тіл оқыту орталығының өкілдерімен кездесіп, қазақ тілін оқыту жөнінде пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.