Қазақ тілінде диктант жазылды

Қазақ тілінде диктант жазылды

2024 жылғы 5 қыркүйек күні сағат 11.00-де еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.

Диктанттың мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.

Жалпы диктант Тұрар Рұсқұловтың туғанына 130 жылдық мерейтойына орай «Тұрар Рұсқұлов – тарихи тұлға» тақырыбында ұйымдастырылды.

Аталған шараға облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты мекемелердің қызметшілері мен «Ана тілі» орталығының тыңдаушылары да қатысты.