
Тәуелсіздігіміз мәңгі баянды болсын
Күні кеше ғана 16.11.21 ж сағ:16:00 де өңіріміздің барлық мәдени орталықтары мен білім ордаларында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына күмбірлеген күйден шашу шашып мерекелік шаралар басталды. Алдағы 30 күн бойы жалғасын табады. Отбасыңызбен, ұжыммен кез-келген күйді орындап өз әлеуметтік парақшаларыңызда #ТәуелсіздіккеТарту30 #КүйШашуЖебе хэштектармен салуларыңызға болады. Тәуелсіздік мерекесін бірге тойлайық