Меню

Страницы

Статья

ПРЕСС-РЕЛИЗ Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қорынан ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстанның өнері» атты көрмесі Өткізілу уақыты: 2021 жылдың 23 қарашасы года, сағат 16:00. Өткізілу орны: Павлодар қаласы, Павлодар облыстық көркемсурет музейі.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қорынан ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстанның өнері» атты көрмесі

 

Өткізілу уақыты:  2021 жылдың 23 қарашасы года, сағат 16:00.

Өткізілу орны: Павлодар қаласы, Павлодар облыстық көркемсурет музейі.

 

        

         23 қараша күні сағат 16:00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстанның өнері» атты музей қорынан ұйымдастырылған көрмесінің ашылуы өткізіледі.

         Мерейтойлық көрмеде 1991-2021 жылдар аралығында музей коллекциясына енген Қазақстан және Қырғызстан, Павлодар, Омбы, Санкт-Петербург суретшілерінің 100-ден астам ең үздік кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары келушілер назарына ұсынылады.

1991 жылдан бастап, отыз жылдың ішінде Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қор топтамасы  1500 экспонатқа толықтырылып артты. Олардың ішінде 1000 астам графика және кескіндемелік туындылар.

          Қазақстан Тәуелсіздік жылдары ішінде жаңару мен жаңа белестерге бағындыру жолында дәстүрлі мәдени мұраны сақтап қалу мен заманауи мәдениетті насихаттап дамытуда үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Өткен онжылдықтар суретшілерге кәсібилікке, тәжірибеге, рухани еркіндікке және шығармашылықтағы жаңа көкжиектерге ие болуға көмектесті. Бүгінгі таңда суретшілер 30 жыл бұрын өткен шаққа қарап салыстырғанмен мәнерлілік құралдарында еркін болып, әдістер мен жанрларды таңдауда ешқандай шектеулері жоқ.

       Көрмеде Александр Бибин, Панко Величко, Павел Лысенко, Жамкен Серикбаев, Зоя Соболева, Владимир Мартыненко, Көкен Темірғалиев, Ғалым Каржасов, Өсербай Шуранов, Әнуар Игембаев, Валерий Приходько, Қарасай Нуркенов, Зура Асылғазина сияқты қаламыздың танымал қылқалам шеберлерінің шығармашылық туындыларын тамашалауға мүмкіндік бар.

         Павлодар облыстық көркемсурет музейінің негізгі мақсаттарының бірі – өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын танымал етумен қатар отандық  мәдениет және бейнелеу өнері саласын насихаттау.

         Топтамада Андрей Нода, Асқар Есдәулетов, Рашид Нурекеев, Марат Қалкабаев, Мажит Байтенов, Ерлан Айтуаров, Дулат Алиев, Алма Менлибаева, Айнабек Оспанов,  Тилеужан Батанов, Қанат Шукирбеков секілді отандық бейнелеу өнерінің дамуына зор үлестерін қосқан қайраткерлермен қатар Карина Крылова, Виктория Цой, Гульмарал Татибаева, Максат Қантарбаев, Қуралай Аманжолова сияқты дарынды жас суретшілермен музейге сыйға тартылған кескіндеме және графика туындылары орын тапты.

         Өнер - тәуелсіз еліміздің рухани-мәдени құндылықтарының негізі, әлемдік мәдениеттегі орнының, өркениет дамуындағы көркемдік сананың көрсеткіші.

Дата публикации
22 ноября 2021
Дата обновления
22 ноября 2021
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

26 декабря 2025
Ақын, әнші, композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай «Бір сурет-бір өлең» атты қалалық өнер байқауы.
Ақпарат
26 декабря 2025
Ұлық мереке Наурыз мерекесі аясында ұлттық өнерді жаңғырту мақсатында «Дарабоз» атты қалалық байқауы.
26 декабря 2025
Ертіс ауданында ақын, әнші, композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай «Асыл мұра – Иса үні!», ақын, драматург, аудармашы, Халықаралық Дж.Неру атындағы сыйлықтың иегері Аманжол Шамкеновке арналған «Жүректен туған – жер кереуені!» және балалар ақыны, журналист, өлкетанушы Мүбәрәк Жаманбалиновке арналған «Балалық шақтың жаршысы!» атты көрме.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы