Меню

Страницы

Статья

Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен көрмелер (мақала) Өнер мен санқырлы мәдениет тоғысқан ортақ мұра

Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен көрмелер (мақала)

Өнер мен санқырлы мәдениет тоғысқан ортақ мұра

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы атап өтілген маңызды кезең.  Шара аясында Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі Павлодар облысының ұлттық мәдени орталықтарымен бірлесіп, түрлі ұлт суретшілерінің туындыларын таныстыратын кең ауқымды көрмелерді ұйымдастырды.

Суретшілердің шығармашылық тағдырлары 20 ғасырдағы шиеленіс пен қайғыға толы тағдыр тәлкекігіне ұшыраған сәтте Қазақстанға қоныс аударған кезеңмен тұспа тұс келеді. Осы қиын тарихи кезеңдердің нәтижесінде көптеген этнос өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп, ортақ мәдени кеңістік қылыптастырды. Қылқалам шеберлері елімізде еңбек етіп,  қазақ бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Олардың туындыларында өз халқының дәстүрлі нақыштары мен қазақтың ұлттық колориті бір арнаға тоғысқан.

Алғаш 1964 жылы Павлодар облыстық кеңес бейнелеу өнері музейі құрылды және ол бүкілодақтық және республикалық көрмелерге қатысқан әртүрлі ұлт суретшілерінің туындыларынан жинақталған Қазақстандағы алғашқы облыстық музейлердің бірі болды. Музей қорына КСРО Суретшілер одағының, КСРО Қазақ суретшілер одағының көркемдік қорларының, Мәскеу және Алматы қалаларындағы көркемсурет көрмелері дирекцияларының және бейнелеу өнерінің ірі музейлері мен галереяларының туындыларымен толықты. Сонымен қатар, музей қорындағы туындылар авторлардан және олардың отбасыларынан сатып алынды. Қазіргі таңда Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қорында Ресей қалаларында, Мәскеуде, Ленинградта жұмыс істеген және 1930-1940 жылдары Қазақстанға келген кеңестік кезеңдегі танымал суретшілердің кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы және театр-декоративті өнер туындылары сақталған. Музей қорындағы түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылығын көпшілік назарына ұсынудың негізгі мақсаты – Қазақстанның мәдени әралуандығын дәріптей отырып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстан сан алуан ұлттың ортақ Отанына айналған бірлік пен ынтымақтың белгісі екендігін дәріптеу, коллекциямыздағы туындылардың бай тарихын насихаттау және қазіргі таңда еңбек етіп, Қазақстан өнеріне өз үлесін қосып жатқан заманауи суретшілердің еңбектерін паш ету.

Жылдың басынан музей экспозициясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бірқатар көрмелер өткізілді. Соның ішінде: «Белорус үшін жақын Ертіс өңірі», «Музейдегі еврей тарихы», «Армян суретшілерінің шығармашылығы», «Қазақстандағы татар суретшілері» сынды музей қорынан ұйымдастырылған көрмелер және неміс мәдени орталығымен бірлескен құрметті құрылысшы Павел Готманның «Жаңғырған тарих беттері», жас суретші Аннабель Нойфельдтің «Адамдар – Табиғат. Париж-Павлодар», Елена Шпеттердің «Тасқа түскен нәзіктік» атты жеке көрмелері көрініс тапты.

Аталмыш көрмелер тек эстетиткалық құндылықтарды дәріптеумен шектелмей, ұлттық бірлікті, тарихи сананы және мәдениетаралық  диалогты нығайтуға ықпал етеді. Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылығы бейнелеу өнерінің жаңа техникалары мен идеяларға байыта отырып, туындылары мәдениетіміздің санқырлы сипатын айқындауда маңызды рөл атқарады.

 

Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің маманы

Қайдар Дилара Ерболқызы

 

 

 

Дата публикации
26 декабря 2025
Дата обновления
26 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Ақын, әнші, композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай «Бір сурет-бір өлең» атты қалалық өнер байқауы.
26 декабря 2025
Ертіс ауданында ақын, әнші, композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай «Асыл мұра – Иса үні!», ақын, драматург, аудармашы, Халықаралық Дж.Неру атындағы сыйлықтың иегері Аманжол Шамкеновке арналған «Жүректен туған – жер кереуені!» және балалар ақыны, журналист, өлкетанушы Мүбәрәк Жаманбалиновке арналған «Балалық шақтың жаршысы!» атты көрме.
26 декабря 2025
Республика күні мерекесі қарсаңында елорда төріндегі Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ертіс-Баян өңірінің Алаш ардақтыларына арналған «Ұлтын сүйген ұлылар» атты көрменің ашылуы мен «Сәдуақас Шорманов» және Иса Байзақов туралы «Дауылпаз» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы